Бұл – Миладтың Ташкент төрінде жеңіп алған үшінші медалі.
Милад Карими Ташкентте чемпион атанды
Фото: ҰОК
1,025
оқылды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Карими кермедегі жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, төрешілерден 15.033 ұпай алды. 

Күміс және қола медальді қытайлықтар Хао Тянь (14.300) мен Цзяолэй Ляо (13.800) иеленген. 

Айта кетелік, бұл – Миладтың Ташкент төрінде жеңіп алған үшінші медалі. Бұған дейін ол көпсайыс және еркін жаттығудан күміс иеленген болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.