Шымкентте үшем дүниеге келді

Үшем ұлдар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында 15 сәуір күні қалалық перзентханада дүниеге келген.

Үшемдерді дүниеге әкелген Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны   Айгүл Бақытжанқызы.  

Үшем ұлдар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында  15 сәуір күні қалалық перзентханада  дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1 580 грамм болса, екіншісі − 1 640, үшіншісі  1 610 грамм болып туған. Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға шығарып, күтіп-баптаған. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері  салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды. 

Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем. 

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10 913  сәби дүниеге келген. Оның 5 579-ы ұл болса, 5 334-і қыз. Егіздің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.

Назгүл Назарбек,

Шымкент қаласы