Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила әлеуметтік желідегі парақшасында тосын жазба қалдырды.
Бала тапқызып, тірідей өлтірді: белгілі кәсіпкер Омар Жәлелдің қоғамға қауіпті екенін айтты
11,075
оқылды

Оның пайымынша, қоғам үшін Бишімбаевтан гөрі абайтанушы Омар Жәлел қауіпті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кәсіпкер "Қоғамға Омар Жәлел қауіпті ме, Бишімбаев қауіпті ме?" деген сауал тастап, оған өзі жауап береді

"Омар Жәлел жүз есе қауіпті… Біріншіден, Омар қоғамға қаншама жүйкесі бұзылған әке тәрбиесін көрмей өскен тірі жетім балаларды қосты. Екіншіден, Омар қоғамда "Қыз бала маркер, қолданған соң лақтыра сал" деген құндылықты сыналай сіңірді. Үшіншіден, Омар қанша әйелді бала тапқызып, лақтырып тастау арқылы тірідей өлтірді. Төртіншіден, Омарды тыңдайтын мыңдаған жастарды өз құндылығымен санасын улап жатыр", – деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.