Су ағынының ұлғаюынан жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады.
Талғар өзені арнасынан асып, жолды су шайып кетті
2,132
оқылды

Алматы облысы  Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округі аумағында Талғар өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, сол жағалауында орналасқан балама жолды су шайып кетті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz

Бұл туралы аудандық әкімдік өкілдері мәлімдеді.

«Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбеюіне байланысты Ават ауылдық округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды шайып кетті. Су ағынының ұлғаюынан жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады»,  деп атап өтті аудандық әкімдіктен. 

Әкімдіктің мәліметінше, көпірдегі қозғалыс шектелген. Алайда айналма жол Құлжа тасжолы мен Талғар-Есік-Бәйдібек би жолдары ашық. 

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділовтың тапсырмасы бойынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.  

«Қазір өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жүріп жатыр»,  деп атап өтті әкімдіктен.