Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем біріншілігін 1 қола медальмен аяқтап отыр. 48 келідегі Әбиба Әбужақынова ғана жүлдеге ілікті.
Дзюдодан әлем чемпионаты: ерлер командасы түгел жеңіліп, жүлде ала алмады
Фото: ҰОК
1,268
оқылды

Дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты. 

100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрлыхан Шархан даниялық Дэниел Эйчке есе жіберді. 

+100 келі салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бахрейндік Азамат Чотчаевтан ұтылды. 

+78 келідегі Камила Берліқаш екінші айналымда қытайлық спортшыға жол берді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем біріншілігін 1 қола медальмен аяқтап отыр. 48 келідегі Әбиба Әбужақынова ғана жүлдеге ілікті. 

Қалған спортшыларымыз түгел жеңіліп қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.