Ата-аналар балаларының әрекеттері үшін Қазақстан тұрғындарынан кешірім сұрады.
Маңғыстаудағы жаппай төбелестен кейін түлектер мен ата-аналары бейнеүндеу жасады
3,699
оқылды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы түлектердің ата-аналары Боранқұл ауылында 25 мамыр күні болған соңғы қоңыраудан кейін болған жаппай төбелеске қатысты бірнеше бейнеүндеу жасады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түлектердің әкелері мен аналары төбелес нәтижесінде ешкім дене жарақатын алмағанын айтты. Олардың айтуынша, мұғалімдер, мектеп директоры және полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ешқандай шағым жоқ.

Түлектердің өздері де кешірім сұрады. Олар төбелестің себебі қандай да бір "келіспеушілік" болғанын айтты. Сондай-ақ олар ата-аналардан, мектеп басшылығынан және мұғалімдерден кешірім сұрады.

Еске салайық, 25 мамыр, сенбі күні түстен кейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түлектер арасында жаппай төбелес болды. Оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрларда бірнеше ондаған жастардың төбелесіп жатқанын көруге болады.

Аймақ полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Полицияға 47 кәмелетке толмаған бала жеткізілді.