Сот блогер Антон Бударовтың Салтанат Нүкенова туралы жазбасын жалған деп тану жөнінде үкім шығарды.
Сот Салтанат Нүкенованың ар-намысына нұқсан келтіретін ақпарат таратқан блогерге қатысты шешім шығарды
7,092
оқылды

Бұл жайлы әлеуметтік желіде Нүкенованың отбасының адвокаты Дамир Ишмамбетов жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талабы бойынша Антон Бударовқа қатысты азаматтық істі қарады. Адвокаттың айтуынша, 20 мамыр күні сот блогерге қатысты шешім шығарды.

"Бударов Антон Юрьевич көпшіліктің алдында үндеу жасау арқылы өзі таратқан ақпаратты жоққа шығаруға міндеттелді. Сонымен қатар сот шығындарына жұмсалған 650 мың теңгені Амангелді Айтбекке өндіруі керек", - деп жазды Tengrinews.kz адвокаттың сөзін.

Антон Бударов өз парақшасында Салтанат Нүкенованы қаралап, оны өзін кінәлап жазба жазған.

"Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іспен бірге Салтанатты жамандағысы келген көптеген хейтерлер де пайда болды, осындай хейтерлердің бірі - блогер Бударов Антон. Ол оны қиялы жеткенше қаралады", - дейді Ишмамбетов.