Жақында белгілі салық сарапшысы, Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының негізін қалаушы Дмитрий Казанцев Bereke Business-тің қолдауымен бизнес тур бастады.
Дмитрий Казанцев Bereke Bank-тің қолдауымен бірегей бизнес тур бастады
1,362
оқылды

Бизнес турдың бірінші кезеңі Орал қаласында өтті. Іс-шараға микро, шағын және орта бизнес өкілдері, бухгалтерлер және компания иелері жалпы 250-ден астам адам жиналды. Сарапшы декларациялауға байланысты кіріс есебі және ағымдағы есеп беру мәселелеріне, биыл енген декларацияда есепке алу ерекшеліктеріне, сондай-ақ шығындарды оңтайландыру және бизнесті бөлу проблемасын еңсеру әдістеріне арналған тренинг өткізді. Ол тек сараптамалық біліммен ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі, тиімді әдістерімен бөлісіп, нақты ұсыныстарын айтты.

«Bereke Business кәсіпкерлерге арналған қызметтер мен сервистердің кең түрін ұсынады. Біз өз клиенттерімізге барынша жағдай жасап, бизнестерін дамытуға көмектесеміз. Шағын бизнес иелері жоғары бәсекелі ортада жұмыс істейді. Сондықтан әр кәсіпкерге өзінің қаржы білімінің деңгейін арттыру және заңнаманың қыр-сырын түсіну өте маңызды. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның әр өңірінде белсенді бизнесмендердің бизнес-қоғамдастығын құру, ол үшін 2024 жылғы наурызда Bereke Bank Bereke Business Club оқыту жобасын іске қосқан болатын, онда ең өзекті тақырыптар бойынша үздік спикерлермен арнайы семинарлар өткізіліп тұрады. Банк өз кезегінде Дмитрий Казанцевтің бизнес турын қуана қолдады. Өйткені Bereke Business Club-тың миссиясы – кәсіпкерлерге өз ісінде қолдана алатын өте құнды білім алуға мүмкіндік беру», – деді өз сөзінде «Bereke Bank» АҚ-ның Цифрлық арналарда өнімдерді әзірлеу мен дамыту жөніндегі атқарушы директоры Гүлмира Акинбашина.

«Біз бұл тренинг үшін ең өзекті тақырыптарды таңдадық. Қай жерде болса да өзекті мәселелер көп, мысалы Қытаймен бизнес құру, декларация, бизнесті бөлу мәселесі. Бұның барлығы кәсіпкерлер үшін де, бухгалтерлер үшін де маңызды тақырыптар. Кездесулер өте жақсы өтіп жатыр, аудитория өзінің ризашылығын білдіруде, әрі адамдар көзбе-көз кездесулерді сағынғанын жасырмады», – дейді Дмитрий Казанцев.

Бизнес тур Қазақстанның 18 қаласын қамтиды. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінен 9 мыңға жуық адам өздерінің қатысуын растады. Аталған іс-шара 24 маусымда Талдықорғанда аяқталады деп жоспарланған.

Дмитрий Казанцев – бүгінде салық және қаржы саласында сұранысқа ие мамандардың бірі, 8 компанияны құрады және өзі басқарады, «Салықтар туралы қарапайым тілмен» тақырыбында кітаптар сериясының авторы, декларациялау және салық қауіпсіздігі бойынша «Эдвайзер Казанцева» франшизасын әзірлеуші, кәсіпкерлерге арналған салық сауаттылығы бойынша «Казанцев әдісі» офлайн іс-шараларының спикері. 

Bereke Bank – көпжылдық тарихы бар, қаржы көрсеткіштері бойынша еліміздегі он үздік банктің қатарына тұрақты кіретін қазақстандық банк. Банктің барлық депозиттерін Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры қорғайды.

№1.2.199/93/31 лицензиясын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 жылы берген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.