«Спорт – денсаулық кепілі» деген қағидатты ұстанған Қарағанды облысында жылдан-жылға арнайы денсаулыққа шақыратын стадион, денешынықтыру клубтары көптеп ашылуда.
Қарағанды спортының бәсі биік
512
оқылды

Өңірде «Қазақстан Респуб­ликасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы», «Қара­ғанды облысының 2021-2025 жыл­дарға арналған даму бағдарламасы» аясында бірнеше жоба қолға алын­ды.

Бүгінгі күні Қарағанды облы­сында 1 250 спорт ұйымы мен дене­шынықтыру ұжымы болса, онда 431 мыңнан астам адам қызмет етеді. Облыс бойынша 27 545 бала­ны қамтитын 39 спорт мектебі жұ­мыс істейді. 7 202 бала ауылдық жерлерде жаттығуда. Оның ішінде 1 800 бала көпбалалы отбасылардан шықса, 207-сі – жетім бала. 

Мектептер мен колледждерде спортқа ден қойған оқушылар мен студенттер саны артқан. Мысалы, жалпы білім беретін мектептерде 67 542 бала қамтылған. 4 853 спорт сек­циясы, колледждерде 14 595 адам қамтылған 205 секция. 3 251 баланы қамтыған 12 балалар-жас­өспірімдер денешынықтыру клуб­тары болса, жоғары оқу орын­да­рын­да жалпы 14 237 студент шы­ны­ға­тын 109 секция жұмыс іс­тей­ді. Облыс қалалары мен ау­дан­дарынан көпбалалы – 6 519, күнкөрісі төмен отбасыларынан 3 500 бала тартылды. Сондай-ақ об­лыста 10 211 спортшысы бар 85 ба­­ла­лар мен жасөспірімдер клубы, ауылдық жерлерде 972 адамды қам­титын 16 клуб жұмыс істейді. Оның 797-і күнкөрісі төмен от­ба­сы­лардан шыққан балалар болса, 62-сі – кәмелетке тол­ма­ғандар ісі жөніндегі инспекцияда және мек­тепішілік есепте тұрған­дар. Аула клубтарының қызметі жергілікті бюджет есебінен қар­жылан­дырыла­­ды және қалалық, аудан­дық әкімдіктердің қа­рауын­да бо­лады.

Биылғы жылы «Арт спорт» мем­­лекеттік спорттық тапсы­ры­сын іске асыру шеңберінде спорт­тың 22 түрі бойынша 196 сек­цияға 11 318 бала мен жас­өспірім тартыл­ды, оның ішінде ауылдық округ­терде – 713 адам. Бұл үшін облыс­тық бюджет есе­бінен 2 млрд 164 мың теңге қарас­тырылған. 2024 жылға нақты­ланған қаржылан­дыру жоспары – 20 млрд 552 млн 756 мың теңгені құ­рады. 

Облысымыздың намысын қор­ғап жүрген спортшы жастардың да саны күннен-күнге артып келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамына облыстың 1 145 спортшысы енген. Бұдан бір жыл бұрын 895 спортшы ғана болатын. Соңғы екі-үш айдың өзінде облыстың 18 388 спортшысы әртүрлі деңгейдегі – 448, оның ішінде 84 облыстық, 26 респуб­ликалық және 95 халықаралық жарысқа қатысты. Жарысқа қаты­су қорытындысы бойынша, спорт­шылар 7 951 медаль жеңіп алды, оның 2 527-сі алтын, Әлем бірін­шіліктеріне облыс атынан 49 адам қатысып, 5 алтын медаль же­ңіп алды. Облыс аумағында ха­лық­аралық және республикалық ма­ңы­зы бар 46 жарыс өткізілді.

2024 жылы спортшылар үшін басты жарыс Париждегі жазғы Олимпиада ойындары екені бел­гілі. Бүгінгі күнге дейін лицензия алу үшін спорттың 5 түрі бойынша 7 үміткер анықталды. Сонымен қатар аймақта ұлттық спорт түр­лері табысты дамуда. Спорттың 11 түрі – атап өтсек, тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ кү­ресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, ау­дарыспақ, көкпар, жамбы ату, дәс­түрлі садақ ату даму үстінде. Осы ұлттық ойындармен 35 975 адам айналысады. Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық құра­ма­сына 36 спортшы кіреді.

Облыста мүгедектер саны 55 360 адамды құрайды, оның ішінде 4 486 спортпен шұғылдана­ды. Ұлттық құрамаға 90 спортшы кі­реді. Мүмкіндігі шектеулі жан­дар арасында денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдар үшін 2022 жылдан бастап аутизм, даун синдромы және ЖРВИ бар балаларды (150 бала) 61 млн теңгеге (Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларында) қамту жобасы іске асырылуда. 

Халықты жаппай жұмыспен қамту үшін спорт ғимараттарының қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында облыста спорт инфрақұрылымы табысты дамуда. 1247 спорт ғима­раты жұмыс істейді, оның 299 бір­лігі ауылдық жерлерге тиесілі. Биыл спорт ғимараттарына тү­ген­деу жүргізіліп, жұмыс істемейтін 830 спорт нысаны алынып тас­талды. 2023 жылы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде 320 орын­дық ДШСК, Қарағанды қа­ла­сында жеке қаражат есебінен 2 футбол манежі пайдалануға бе­ріл­ді, сондай-ақ 8 көпсалалы корт және 112 ашық спорт алаңдары (оның ішінде 55 Street-Workout алаңы) орнатылды. Сонымен қа­тар Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауы­лындағы стадионды қайта жаңарту аяқталуда. Сондай-ақ «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша жаңа жобаларды іске асыру жос­парлануда, бұл жобаға Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентіндегі 100 орындық ДШСК құрылысы енгізілді. Биыл жалпы құны 524,4 млн теңгеге 7 спорт мектебіне жөн­­деу жұмыстарын жүргізу жос­парлануда.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы