Құрметті отандастар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
2,080
оқылды

Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құт­тықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқор­лық­тың символына айналған осы мерекеден басталады.

Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты бо­лып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қор­ғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты ба­сымдығы саналады. Балалар – біздің болашағымыз. Сон­дықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қам­қорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күн­ге сеніммен қарауы өте маңызды.

Мен жас ұрпақ Әділетті Қазақстанның негізгі қағи­даттарын нақты жүзеге асырып, «Адал азамат» тұжырым­дама­сының озық идеалдарына толық сай болады деп се­не­мін. Ол үшін біз бүкіл қоғам болып жалпыұлттық құн­дылықтарымызды ұрпақтың бойына сіңіруіміз және олар­ды еңбекқорлық пен білімпаздыққа баулуымыз ке­рек. Сондай-ақ төл тарихымыз бен мәдениетімізді құр­мет­теуге үйретуіміз қажет.

Барлық бала ата-анасы мен жақындарын оқудағы, шы­­ғармашылық саладағы және спорттағы жетістіктері­мен, жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылысымен қуанта бер­сін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым та­быс тілеймін!