Заманауи соғыста қарсылас жақтың адам күшін жоятын жарылғыш заттарды роботтар таситын болды. Бұл жаңа замандағы қауіпті соғыс құралы.
Дрондарды атып түсіретін жаңа қару жасалды
Benelli Nova 12 мылтығы электронды соғыс жүйесімен бірлесіп дрондарды атып түсіреді. Фото kalashnikov.ru сайтынан алынды
5,859
оқылды

Ұшқышсыз аппараттардың соғыста қолдану технологиялары туралы techcrunch.com сайтында жарияланған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz жойқын соғыс қаруына қарсы тұру мүмкіндіктерін таразылайды.

ZeroMark компаниясының құралы 200 метр жерде тұрған диаметрі 54 метрлік нысанаға тигізуден де оңай. Фото drones-russia.ru сайтынан алынды

Қарапайым дрондарды генералдар соғыс мақсатында қолдана бастады. Олар жылдам, арзан, тиімді әрі қазірше оларға қарсы тұратын соғыс тәсілдері табылмай тұр. Дрондар кенеттен аспаннан жауынгерлердің үстіне бомба тастайды немесе бронды машиналарды жарып жібереді, стратегиялық нысандарға шабуыл жасайды.

Бүгінде мемлекеттік корпорациялардан бастап, жеке компаниялар осы ұшқышсыз аппараттарға қарсы тұру үшін технологиялар іздеуде. Әзірше ең тиімді әдіс – аспанда ұшып келе жатқан дронды мерген сарбаздар атып түсіре алады. ZeroMark компаниясы ос концепцияны жетілдіріп, сарбаздарға арнайы «мылтық» жасады: ол 30 секундта жиналып, атқыштың дронды жою ықтималдығын арттырады.

Бұл құрал екі компоненттен тұрады: лидар және электро-оптикалық сияқты сенсорлары бар шағын компьютер және моторлы дүмбі. Бұндай «мылтықтың» көмегімен 180 метр биіктіктегі шағын дронды өте оңай істен шығарады.

Оны кез келген дайындықсыз жауынгер істей алады: 200 метр қашықтықта тұрған диаметрі 54 метрлік нысанаға тигізу қалай оңай болса, сондай жердегі дронды да дәл солай соғып алады.

Аспаннан кенеттен шабуыл жасайтын шағын FPV дрондар сарбаздар үшін ең қорқынышты қару. Камера орнатылған First-Person View – бірінші адамның көзімен деп аударылады. Фото topcor.ru сайтынан алынды

Қолдану қарапайым болғанымен жүйе өте күрделі: ол дронның қайда бара жатқанын болжау үшін машиналық көруді пайдаланады және нысанаға тиетініне көз жеткізу үшін кадрларды кем дегенде бірнеше градусқа нақтылау үшін баллистикалық есептеулерді орындайды.

Құралдың дүмбісі сарбаздың қолын қозғалтпайды, ол иық төсеніші мен қолды басқару позициялары арасында виртуалды айналу жасайды. Оның басқару жүйелері барлық адами факторларды (қолының дірілін, шуды, қимыл-қозғалысты, айналу моменті және т.б.) ескеріп жұмыс істейді. Сондықтан қаруды дрон ұшып келе жатқан бағытқа бұрсаңыз болды, қалғанын ақылды жүйе өзі жасайды.

Нью-Йоркте орналасқан ZeroMark өзінің автоматты нысана жүйесімен тоқтап қалмайды. Компания сарбаздық жүйелерді жетілдіру бағытында зерттеулер жүргізуде. 

Жарылғыш зат байланған шабуылдаушы FPV дроны. Фото inosmi.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Ресей қорғаныс министрлігінің сайты

Бүгінгі Gerald R. Ford сияқты ең қуатты атомдық қозғалтқышы бар әлемдегі ең үлкен, ең қымбат ұшақ тасығыш кеменің (авианосец) құны шамамен 13 миллиард доллар. Бұндай кеменің ұзындығы – 333 м, биіктігі – 76 м, су ығыстырымы – шамамен 100 мың тонна. Оның экипажын 4500 адам құрайды. Міне, осындай қымбат әрі үлкен кемелерді теория жүзінде аспаннан да, судан да шабуылдайтын арзан дрондардың көмегімен су түбіне оңай батыруға болады. 

 «Ұшақ тасығыш кемелер сияқты үлкен жүйелер соғыстарда жеңіске жете алмайды. Олар бізге билікті қорғауға көмектеседі, бірақ Саддам Хусейнді тұтқынға ала алмайды, Усама бен Ладенді өлтіре алмайды, тұтқындарды, кепілге алынған адамдарды босата алмйды, соғыстарда жеңіске жете алмайды. Бұның бәрін адамдар істейді. Және мен олардың аспандағы F-22 Raptor ұшағы сияқты керемет қорғалғанын қалаймын» – дейді ZeroMark стартапының бас директоры Джоэль Андерсон.

Америкалық компанияның зерттеулерін қазақ генералдары жақсы біледі деп ойлаймыз. Және біздің қолбасшылар «Si vis pacem, para bellum» деген латыннан аударғанда «Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайындал» деген қанатты сөзді де өте дұрыс қабылдайтынына сенеміз.

Америкалық армияның MQ-1C Gray Eagle (Сұр бүркіт) дроны. Фото Public Domain сайтынан алынды

Қысқаша анықтама

«Si vis pacem, para bellum» деген әскерилер жиі айтатын сөздің иесі Публий Флавий Вегеций Ренат (Publius Flavius Vegetius Renatus). Флавий Вегеций 4-5 ғасырда өмір сүрген Рим әскери тарихшысы әрі теоретигі. 390-410 жылдары Римнің әскери өнері туралы «Әскери істер туралы» (De re militari) трактатын жазған.

Сол трактатта ол былай дейді:

«Осылайша, бейбітшілікті қалайтын адам соғысқа дайындалсын. Кім жеңісті қаласа, жауынгерлерді ыждағаттылықпен дайындасын. Кім жақсы нәтижеге қол жеткізгісі келсе, кездейсоқтыққа сүйеніп емес, соғысты өнер мен білім негізінде жүргізсін. Қарсыласының өзінен күштірек екенін білетін тараптың дұшпанына қарсылық көрсетуге де, қорлауға да батылы бармайды».

Әлемде болып жатқан соғыстардағы жағдай туралы дәл айтылған сияқты.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.