Семей қаласына қарай аттанып кеткен 30 жастағы Динара Досымбекованың денесі бүгін табылды.
Абай облысында жолдан көлік тоқтатып мініп кеткен 30 жастағы әйелдің денесі табылды
Фото: istockphoto.com
2,194
оқылды

Семей маңынан бір апта бұрын жоғалып кеткен 30 жастағы әйелдің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Жергілікті @abainewskz порталының жазуынша, осы жылдың 26 мамырында сағат 10:00 шамасында Бородулиха ауданындағы «Ауыл» стансасынан көлік тоқтатып Семей қаласына қарай аттанып кеткен 30 жастағы Динара Досымбекованың денесі бүгін табылды.

1 маусым күні кешке жақындары жоғалған әйелді табуға ақпараттық көмек сұрап редакцияға жүгінген. Ал бүгін белгілі болғандай, олар полицияға 2 маусымда ғана хабарласқан екен.

«2024 жылдың 2 маусымында "102“ арнасына Бородулиха аудандық полиция бөліміне "Ауыл“ стансасының 59 жастағы тұрғыны хабарласып, 26 мамыр күні 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы табуға көмектесуін сұраған. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Абай облысының Полиция департаменті, «LIDER» еріктілер іздестіру қозғалысынан қайғылы хабар келмей тұрып.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өлімнің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.