Оқиға кеше түнде болған.
Астанада фельдшерге пышақпен шабуылдаған ер адам ұсталды
730
оқылды

Астанада шақырту орнына барған жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға кеше түнде болған. Отбасылық жанжал кезінде зардап шеккен әйел жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем оқиға орнына барғанда ер адам мас болған және медицина қызметкерлерін балағаттаған.

Қалалық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам фельдшерді бір бөлмеге кіргізіп, есікті жауып, оны пышақпен қорқытқан.

Медицина қызметкерлері 102 шақырған. Полиция күдіктіні дереу ұстап, полиция басқармасына жеткізген. Одан пышақ тәркіленіп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 25 жастағы тұрғын мас күйде болған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.