"Жетісу" футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді.
"Жетісу" футбол клубының директоры жайында тың мәлімет жарияланды
924
оқылды

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу футбол клубы" КМҚК директорын әшкереледі. Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

"Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген Антикор хабарламасында.

Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың екі айға қамауға алынғаны жайында жазылған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.