Талдықорғанда дәрігер балаларды мас күйде қабылдаған.
Дәрігер балаларды мас күйде қабылдаған
1,379
оқылды

Талдықорғандағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасында мас күйде науқас қабылдаған дәрігерді видеоға түсіріп алған. Автор дәрігерден "массыз ба ?" деп бірнеше рет сұраған. Бірақ азамат жауап бермеген, – деп хабарлайды Аikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар хирургінің жұмыс орнында ішімдік ішкенін растады.

"Оқиға 30 мамыр күні кешкі уақытта болған. Қызметкердің алкогольдік масаң күйде екені анықталып, Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес дереу жұмыстан шеттетілді. Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан босатылды" – деді, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.