Президенттің жуырда жарық көрген орта дер­жавалар мен олардың муль­тилатерализмді сақтау қабілеті жөніндегі мақаласы – қай тұрғыдан қарастырсақ та тамаша еңбек.
Орта державалар концепциясы – қазақстандық көпвекторлық модельдің жалғасы
1,143
оқылды

Ол 2023 жылы Астана халықаралық форумы аясында басталған дискуссияның жалғасы бол­ды.

Дархан КӘЛЕТАЕВ, саяси ғылымдар докторы

Middle power теориясы – геосаяси дискурстағы жаңа құбылыс. Байқалып жүргендей, ол «жұмсақ күштер» және оны қауіпсіздік мәселесінде пайдалану туралы дискурсты дамытудың үлкен процесінің бөлшегі болып табылады.

 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік ғылыми ой жаһанда стра­тегия­лық тежеу мен теңгерімді қалай сақтау жөніндегі анализден бастап, қарым-қатынасты үйлесімді етуге дейінгі эво­люцияның ұзақ кезеңін бас­тан кешірді. Милитаризмнен ядролық тежеу тәсілдері мәнін түсінудің жұмсақ құралдарға қа­тысты жаңа жолдарына өту жүзеге асты.

Мұның барлығы «қатаң» қауіпсіздік пен гуманитарлық әдістердің және халықаралық қатынастардың түйіскен тұсында дамыған International Security Studies деген тұтас бағытты құрады.

Ақыры, жаһандық дискурс при­митивті милитаризмнен жұмсақ әлемдік тежеудің күрделі конструктор­ларына көшті. Осы мерзім ішінде немесе транзит, өту, тұрақтылық немесе resilience, democratic security, civil society және басқа да көптеген теориялар пайда болды.

Бұл дискурстың негізін струк­тур­а­лизм, функционализм, феминизмнің академиялық теориялары қалады. 

Көпжақтылық халықаралық қаты­нас­тардың шешуші аспектісіне ай­нал­ды. Осы кезеңде Біріккен ұлттар ұйымы со­ғыстан кейінгі дамудың ядросы ретінде кеңейтілген мандаты бар меке­меге транс­формацияланды. 

Бұл ретте глобализм әлемдік жүйе эволюциясын қалыптастыратын негізі элемент болды. Біз қазір глобализм ненің нәтижесінде пайда болды? Техно­логиялық дамудың кесірінен бе немесе «Вашингтон консенсусының» салдары­нан ба? Оны талқыламаймыз. Қалай бол­ғанда да глобализм шын­дыққа ай­налды. Ол әлемдік кедейліктің азаюына ықпал етіп, Еуразия, соның ішінде Қазақ­стан да бар, перифериялық ай­мақ­­тарды даму процесіне тартты.

Осы тұрғыдан қарастырсақ, біздің ел – глобализм бенефициарларының бірі. Біз әлемдік энергетикалық тең­герімге үлес қосып, жаһандық эко­номикаға импульс бере алдық. Әлбетте, тек біз ғана емес, бұған транзиттік елдер жиынтығы атсалысты.

Сөйте тұра, глобализмде сызықтық өлшем болған жоқ және оның табысы барлық елдер арасында тең бөлінбеді.

Мәселе глобализмді мемлекеттердің ел ішіндегі интеллектуалдық және технологиялық сыйымдылықта қабыл­дауы, сын-қатерлерге төтеп беруі мен тұ­рақты дамуды сақтау қабілетіне байланысты еді.

Соғыстан кейінгі әлемдік жүйе үшін негізгі сынақ – идеологиялық поля­ризация болды. Демократиялық, на­рық­тық жүйелер қауіпсіздікке қатысты қатерлерді жақсы еңсеретінін дәлелдеді. Олар өз жүйелерін коммунистік кон­цеп­­циядан төнетін қатерлерге төтеп беруге бейімдей алды. Осының аясында әлеуметтік бейнесі бар капитализм немесе бірқатар Welfare State концеп­тінде жаһандық капитализмнің қайта түлеуі жүзеге асты. 

Жаһанданудың ұзақ кезеңінің нәтижесінде дамуда секіріс жасаған жаңа мемлекеттер тұтас тобы пайда болды. Бұл «Азия жолбарыстары» феноменінен басталған болатын. Әрмен қарай бұл процесс Таяу Шығысқа, Ла­тын Америка­сына тарап, ақыр соңында Еуразияға, Орталық Азияға, Кавказға жетті. 

Бір сөзбен айтқанда, соғыстан кейінгі кезенде пайда болған «жаһандық терезе» аясында сыртқы атрибуттық өзгерістерді жұтып, ресурстарды сапалы өзгерістер старты үшін пайда­лану маңызды еді. Өйткені олар қас-қағым сәтте жүзеге аспайды. Олар көбінесе терең өзгерістер мен қозғалыс үшін критикалық масса жинақтаудан бұрын әдетте көп уақыт жұмсауды қажет етеді. Бәлкім, бұған бірнеше ұрпақ қажет болуы да мүмкін. Бірақ бұл іске кірісуді бастау қажет еді. 

Сөз жоқ, дамуды унификациялау мен теңестіру жүзеге асқан жоқ. Мемле­кеттердің барлығы бірдей глобализмді еңсере алмады. Экономикалық гло­бализм қоғамның ішкі сұранысын арттыруға қажет мүмкіндіктерді –сананы, азаматтық қоғамды, эко­номикалық және саяси институттарды, адам құқы мен бостандығын, ақыр соңында әлеуметтік және физикалық инфрақұрылымды дамытуға қажет ре­сурстарды молайтуға мүмкіндік берді. Мұның барлығы маңызды әрі қашып құтылмайтын факторлар еді, өйткені жаһандану «диффузия» әсерін туғызды. Сонымен қатар оны ғаламшардың бір түпкіріндегі адамдар қандай игіліктер мен бостандықты пайдаланып жатқа­нын көрген келесі қауым да дәл сол құнды­лықтарды өздері үшін талап ете бастай­тын демонстративтік әсер деп те атайды. 

Бірақ жаһандануға қосылған елдер тағы бір сынақтан өтуі керек: демо­кратия мен ұлтшылдық арасында тепе-теңдікті сақтай білуі қажет. 

ХХ ғасыр ұлтшылдықтың нацизм және фашизм түріндегі жағымсыз үлгісін әкелді. Жаңа ғасыр оларды төндіретін қатері аз емес терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизммен алмастырды. Алайда олардың табиғаты бір, олар адамдардың бір тобының өзгелерден ерекше екені жөніндегі идеяға құрылған. 

Демократия мен қауіпсіздік кон­тексінде ұлтшылдықтың мемлекеттер егемендігінің іргетасы болып қала­натын интеллектуалдық концепция ретінде ерекше мәні бар. Ұлтшылдық – дамуға қажет отын, реформалар энер­гетикасы. Әрі оны қоғамның жылдам трансак­циялануына, адам­дардың бір-бірімен тез тіл табысуына жәрдемдесетін әлеуметтік оптимизм, ынтымақтастық деп те атайды. 

Интеллектуал немесе көзі ашық ұлтшылдық көше ұлтшылдығы прими­тивизмінен алыс болады. Мұндай мейлін­ше айқын, ағартушы, мәдени ұлтшылдық Жапонияда бар. Бұл жерде примордиалистикалық құрылымның қарабайыр түсінігіне негізделмеген азаматтық ұлтшылдық туралы айтуға болады. 

Алайда ұлтшылдықтың тағы бір мәні – протекционизм идеологиясы бар. Бұл глобализмге қарсы көңіл күй мен кері­тартпа ағымдардан құралады. 

Рас, глобализмнің кері әсері болды. Алдымен егемендікті әлсірететін кос­мополитизм салтанат құрды. Бірақ ұлт­­тарға жаһандық процестерге қаты­суға, өзінің жеке келбетін жоғалтпастан жал­пы даму ағысына ілесуге мүмкіндік беретін «әлемнің әртүрлілігі» туралы дискурс пайда болды. 

Бұл ретте біз әлем әлі де болса өткен ғасырда қалуға тиіс мәселелерден арыла алмай отырғанын көреміз. Бұл – күш қолдану, милитаризм, жер дауын соғыс жолымен шешу, БҰҰ жарғысына мән бермеу немесе оны бұзу тәрізді мә­селелер. 

Алдымен біз Уинстон Черчиллдің 1946 жылы Фултондағы сөзі мен 1976 жылғы Хельсинки келісімінің ара­сындағы үлкен белгісіздік кезеңін көре­міз. Халықаралық қатынастардың соғыстан кейінгі жедел трансформация­лану мүмкіндігі болды. Идеологиялық қайшылық кедергі келтірді. 

Одан кейін Михаил Горбачев пен Рональд Рейганның Рейкьявиктегі кез­десуінен, Берлин қабырғасының құлауынан, Польшадағы «Ынтымақ­тастық» қозғалысынан кейінгі, 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басындағы жаңа дағдарысқа дейінгі кезең болды. Тағы да қауіпсіздік на­шарлап, милитаризм спиралын ширату басталды. Мұның да өзіндік себебі бар, ол алдынғы буынның қорқыныштары мен стреотиптерінде жасырынған. Мұның барлығын біз «посттравматика­лық синдром» деп атаймыз. Әрі «пси­хоэмоциялық жарақат» соғыс көрген, соғыс деп аталатын құбылысқа қатысы болған буыннан бейбіт күннің ұрпағына берілді. 

Міне, жадтың трансгенерациялық берілуі концепциясының мәні осында жатыр. Бұл – бір буынның басынан өткен негатив тәжірибенің ұжымдық жад механизмдері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілуі. Ұжымдық жад тек вербалды құралдар арқылы жұмыс істе­мейді. Сонымен бірге бұл – жаңа буын үшін мотивацияның негізін қалайтын психологиялық, мәдени, вербалды емес мәтіндер шоғыры. 

Демократия мен бостандыққа қарсы тұру қиын. Алайда жаңа ғасырдағы күн тәртібі, бір жағынан, терроризмге қарсы жаһандық соғыспен, екінші жағынан, халық пен элита арасындағы қай­шы­лықтың көрінісіне айналған «түрлі түсті революциялармен» бай­ланысты болды. Ескі сана стреотиптері қуғын-сүргінді іске қосып, бостан­дық­ты шектей бас­тады. Осылайша, кон­флик­тілер спиралі қайта жаңғыр­тылды.

Осыған байланысты өткен тә­жіри­бе­нің стреотиптері мығым әрі ұрпақтар бойы сақталуы мүмкін екенін атап өту керек. Сондықтан поляризация, қырғи-қабақ соғыс, текетірес стреотипі тарих­тың жаңа кезеңінде қайтадан көрініс беруі ықтимал. «Мәдени жарақаттың» әсері азаюуы мүмкін, бірақ кейін қайта жаңғырады. 

Біз мұның бәрін қазір көріп отыр­мыз. Өткен күннің «Мәдени жарақаты» ұрпақ алмасып жатқанына қарамастан, жұмыс істеп тұр. Бірақ жаңа ғасырдағы, біз Z(GenZ) ұрпақ дейтін жаңа буын жұмыс істейтін конструкт ұсынуы керек. Бұл болашақ келбетін көру үшін оларға қажет болады.

Осы тұрғыдан алғанда Қасым-Жомарт Тоқаев мырза ұсынған орта державалар концепциясы өте өзекті. Біз посткиссенджер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл кезең жақында ғана өмірден озған геосаясат патриархы Генри Киссенджердің атына негіздел­ген. Оның концепциясының басты аспектісі Еуразия державалары арасын­дағы тепе-теңдік, бірақ ең алдымен Қытай және Ресей факторын дұрыс бағалау еді. 

Жаңа кезеңде әлдеқайда қатаң кон­цеп­циялар – АҚШ тарапынан бір мезгілде екі қақтығыс жүргізу стра­тегиясы, Қытайды стратегиялық тежеу механизмдерін қалыптастыру, гло­бализмді ауыздықтау және протек­ционизмді күшейту, қарулану жарысы­ның жаңа сатысы, тактикалық ядролық қаруларды орналастыру және өзгелері белең алды. 

Мұның барлығы жаһандық қаты­нас­­тарда белгісіздікті жоғарғы деңгейге шығарады. Сондықтан «ортаңғы күш­тер» концепциясын конструктивизм инъек­ция­сы, балама ұсыну деп санауға болады. 

Жаһандану дәуірінде тек ресурстары мен халықаралық қызметте тәжірибесі бар орта державалар пайда болған жоқ. Олар белгілі бір миссияны орындауды үйренді. 

Айталық, Қазақстан ядролық қару­ды таратпау режимінде, биологиялық қауіпсіздік мәселелерінде көшбасшыға айналды, кейбір жанжалдарды шешуге үлес қосты, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі саласында әлеуетін байқатты. Ақыр соңында, Қазақстан Орталық Азияда инвестициялық тар­тым­дылық орталығына және аймақтық көшбасшыға айналды. Сонымен бірге ол саяси реформаларды күштеп жүр­гізбеді, бірақ мұны тоқтатпады, өзінің ұлттық негізін ескере отырып, демо­кратияның оңтайлы жолын таңдады.

Тағы да бірқатар мысал келтірейік. Сингапур өзінің көлеміне қарамастан үздік басқару тәжірибесі мен инно­вация­­сын таратудың қайнарына айналды. Араб мемлекеттері мұсылман әлемінде технологиялық және инвес­тициялық серпіліске ықпал етті. Шы­ғыс Еуропа Азия мен Еуропа арасындағы қақпаға айналды. Украина қуатты азық-түлік хаб болуға ұмтылды және солай болды. Соғысқа дейінгі уақытта Украина оли­гархиялық капитализм елінен жалпыға әлеуметтік мемлекетке айналдыратын даму концепциясын алға тартты. Ресей ұзақ уақыт бойы тұтас посткеңестік кеңістікте либерал­ды экономикалық дамудың локомтиві болды. Енді қай­тымсыз процесс басталып кетті. Қарым-қатынастың бұрынғы жүйесіне оралу мүмкін бол­майды.

Дәл осы контекст тұрғысынан қа­растырғанда Қазақстан Президентінің орта державалар концепциясы – өткен ғасырдың «қырғи-қабақ соғыс» тәжіри­бесін жаңғыртуды тоқтататын рецепт. Орта державалар – ірі державалар сө­зінің жарасуына, тұрақсыздық тума­уына мүдделі күштер.

Бұл көпполярлылықты мойындау мен халықаралық қатынастарды дамытудың конструктивті көзқарасына негізделген қазақстандық көпвекторлы мо­делінің жалғасы. Бұл – мульти­латерлизмнің тұрақты құндылықтарын мойындау, БҰҰ-ны сақтау, халық­ара­лық қатынастардың іргелі принцип­терін қамтамасыз ету.

Себебі оқиғалардың кері бағытта дамуы жаһандануды тежеп, про­тек­ционизмнің өсуіне және мемлекеттердің өз аймақтық кеңістіктерінде тұйық­талуына алып келеді. Сонымен бірге сыртқы орта барған сайын қауіпті және агрессив бола түседі. 

Жаңа шындықтың алдында тұрған негізгі мәселе – жанжалдардың алдын алу. Оларға жол бермеу – басталып кет­кен қақтығыстарды тоқтатудан әлде­қай­­да жеңіл. Ірі державалар орта держа­ва­­ларға құлақ асып, тыңдап, оларға белгілі бір миссияларды орындауға мүм­кіндік беруі керек. Осыған байла­нысты орта державалар күшті держава­лар арасында қалыптасқан қарым-қатынас мен тең­герім нәтижесінде пайда болған бос кеңіс­тікті толтыруға қабілетті делдал бола алады. 

Бұл тұрғыда тұрақты даму мақсат­тарын жүзеге асыратын аймақтық хаб рөлін ойнауға тырысып отырған Қазақстан­ның ұмтылысы – жаңадан модельденетін шындықтың маңызды элементі. Тұрақты дамудың мақсаты – жандануды, агрессивті әрі кәсіби әдістерді, көбірек халықаралық күш-жігерді, жауапкершілікті, аймақтық фокусты талап етеді. 

Қазір біз БҰҰ-ның әлеуметтік күн тәртібі 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсатын жүзеге асырудың соңғы кезеңіне аяқ бастық. Әзірге айтарлықтай айырмашылықтарды көріп отырмыз, маңызды сауалдар тізбегі ұлғайып келеді және оған жедел жауап берілуі қажет. Бұлар – әйел құқы, балалардың қауіпсіздігі, зорлық-зомбылық экстре­мизміне қарсы тұру, қаржылық қылмыс және алаяқтықпен, кибер­терроризм­мен, қаржылық алаяқтық­пен, жемқор­лықпен күрес, жасыл экономикаға өту, табиғи апаттардан қорғану механизм­дері, қоғамның тұрақтылығы қатарлы мәселелер. Бұл – күн тәртібін белгілей­тін және ұжым­дық жауапты қажет ете­тін мәселелердің үлкен тізімі. Олардың шешімі қақ­тығыстар себептерін жоюға әсер етеді. Әрі қазір конструктивизм мен бітім­герлік халықаралық қатынас­тар негізі­нен айналатын сәт. 

Президенттің мақаласында қақты­ғыстардың алдын алу үшін Қазақстан әзірлеген инструментарий ұсынылған. 

Баршамыз демократияның бір-бірімен соғыспайтынын білеміз. Дүниеде визуализация және диффузия әсері болды, қандай жағдайда да барлық мемлекеттер демократияға қарай жыл­жиды. Бұл процесті тоқтау мүмкін емес. Ал оған қарай бәрі қалай жүреді әрі қандай кедергілерден өтуі керек, ол – басқа мәселе. 

Одан бөлек, жүйелер климат өзге­рістері туғызған сын-қатерлермен бетпе-бет келуге мәжбүр болады және бұл құбылыстар уақытша немесе төтен­ше оқиға емес. Жүйелерді кез келген сәтте табиғи катаклизмдерге даяр тұра­тын етіп трансформациялау маңызды бола түседі. Мұндай жұмыстар азамат­тық қорғаныс, халықтың күрделі кли­маттық-табиғи жағдайларға төзімілігі мәселелерімен де байланысты. Апат­тарға төтеп беру үшін бір-бірімізге деген сенімді күшейтіп, әлдеқайда қуатты ин­ституттар құру қажет болады. Ерік­тілердің көбірек жігері, көбірек білім, терең ынтымақтастық керек. 

Орта державалар позициясы тұр­ғысынан қарау әлемнің географиялық құрылымына қатысты пайымға бірқатар балама ұсынады. География дегеніміз, бәріміз білетіндей, маңдайға жазылған тағдыр, бірақ оған тым көп назар аудару қарғысқа ұқсап кетуі мүмкін. Географиядан секіріп кете ал­май­мыз, демек ол туралы дауласудың мәні жоқ. Орта державалар – струк­туралистік, функционалистік, жүйелік жаңа методологияның бөлшегі. Біз осынау әлемнің іргетасын нығайту үшін ішкі қалыбымызды құра аламыз. Бұл – көпқырлылық пен ережеге не­гізделген бейбітшілік. Орта державалар жаһандық шиеленіс пен ірі держава­лардың текетіресі жағдайында аман қалуға кепілдік беретін механизмге мұқтаж. 

Осылайша, Тоқаев мырза жағдайдан шығу жолын көрінетіндей шынайы, прагматикалық амал ұсынды.

Жаһандық стратегиялық белгісіздік жайлы сөз еткер болсақ, оның баршаға қатысы бар. Көптеген ақыл-ой орталық­тары, соның ішінде батыстағылар жаңа қырғи-қабақ соғыс жайлы айта бастады. Бірақ осынау жағдайдан аман-есен шығу жолын табатын қандай да бір конструктивті идея ұсынғандар сирек. 

Егер ірі державалардың әрекеті шектеліп, оларда жауапкершіліктің тым үлкен тізімі мен төңірегіне топ­тасқан одақтастар шеңбері болса, онда бәлкім шын мәнінде орта державалар жауап­кершілікті өз мойнынан алуы мүм­кін.