Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Иорданиядағы жаңа елшісін тағайындады
Фото: t.me/pressmfakz
496
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Талғат Шалданбай 1967 жылы 2 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2000 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Дипломатиялық қызметін 1993 жылы Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің ассистенті болып бастады. Кейін осы бөлімде атташе, кейін үшінші хатшы қызметін жалғастырды.

1996 жылы Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігіне үшінші хатшы ретінде жіберілді.

2000-2002 жылдары Сыртқы істер министрлігінің екіжақты ынтымақтастық департаментінде екінші хатшы болып жұмыс істеді.

2002-2007 жылдары Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығында екінші және бірінші хатшы және БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінде кеңесші қызметтерін атқарған.

2007-2010 жылдары Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінде кеңесші және бөлім меңгерушісі, сондай-ақ Консулдық қызмет департаментінің Таяу және Орта Шығыс, Африка және Азия бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Кейін Сауд Арабиясындағы елшілікке консул-кеңесші қызметіне жіберілді.

2012-2015 жылдары Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінде министр-кеңесші қызметін атқарған.

2015-2017 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Пан-азиялық ынтымақтастық департаментінің ИЫҰ департаментін басқарды.

2017 жылдан 2019 жылға дейін ол Қазақстанның Жиддадағы консулдығының басшысы болды.

Кейін Қазақстанның Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы) бас консулы қызметін атқарды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.