Өнер иесі елдің ертеңі үшін алаңдайтынын жеткізді.
«Жүрегім ауырады»: Тоқтар Серіков қазақ қыздарының тағдырына алаңдайтынын айтты
Фото: Хабар арнасы
6,676
оқылды

Әнші Тоқтар Серіков “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсы екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі елдің ертеңі үшін алаңдайтынын жеткізді. 

"Бұл – менің азаматтық көзқарасым. Өз қаракөз қарындастарымды өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын. Өте қатты қызғанамын. Менің қаракөз қарындастарым тек қазаққа тиюі керек. Тек қазақтың жігіттеріне тиесілі. Менің қазағымның көбеймей жатқаны да осыдан болуы мүмкін. Сондықтан менің шырылдағаным рас. Әлі де шырылдаймын. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсымын. Қазақтың қызы өзге ұлт азаматына тұрмысқа шықса, қатты қарсымын. Жүрегім ауырады", – деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.