Бұл кезде көмірсу мен ақуызға толы тағамдарды жеген жөн.
Таңғы асқа не жеу керек – пайдалы кеңес
2,462
оқылды

Бұл мақалада біз таңғы астың маңыздылығы мен күн бастаған кезде не жеген жөн екені туралы айтпақпыз.

Таңғы асты жеу неге маңызды? Біріншіден, таңғы аспен бірге адам ағзасына сіңген каллорийлер майлы тінге айналмайды. Себебі олардың негізгі бөлігі адамның өмір сүру үдерісін сақтауға және түнгі каллорий жетіспеушілігін қалпына келтіруге кетеді.

Екіншіден, таңғы ас жемеген адамдардың қарны түске таман әжептәуір ашады, бұл шектен тыс тамақты жеп қоюға әкеліп соғады.

Диетологтардың айтуынша, таңғы асты жемеген адамдар жетіспеген каллорий мөлшерін кешкі тамақ кезінде толықтыруға тырысып, нәтижесінде ағзадағы май тіні көбейеді. Ал таңғы асты жібермейтіндер бүкіл күн бойы 20-30%-ға азырақ каллорий тұтынады.

Үшіншіден, әр адамның ағзасы керек мөлшерде таңғы энергия алмаса, бұлшықет тінін «жағып бітіреді».

Сонымен, таңғы асқа не жеу керек? Бұл кезде көмірсу мен ақуызға толы тағамдарды жеген жөн. Мысал үшін, тосап жағып не ірімшік кесегін қосып бір тілім нан жеген жөн. Одан басқа, кез келген ботқа түрі мен қуырылған жұмыртқа денсаулығыңызға пайда тигізеді.

Ең бастысы, өзіңізге зиян келтірмейтін және күш-қайрат беретін табиғи өнімдерді жеуге тырысыңыз!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.