Орталық Азия мен Еуропа елдері деректі фильм тү­сіру бойынша әріптестікті жандандырмақ. Шара 2-7 мау­сым аралығында өтеді.
Деректі фильмдер форумы өтеді
702
оқылды

Алматыда тәжірибе алмасу, маңызды мәселелерді талқылау және серіктестік қатынастарды орнату үшін бірегей алаңға ай­налған Eurasiadoc-та деректі фильмдер форумы өтіп жатыр. Францияның Қазақстан Рес­публикасындағы бас консулы Фабрис Невенің қатысуымен форумның ресми ашылу рәсімі кеше сағат 09:00-де Almaty Crea­tive креативті индустрияларды дамыту орталығында өтті. Онда аталған мемлекеттердің про­дюсер­лік орталықтары, теле­визиялық және кино­компания­лары таныстырылды. 

Almaty Creative креативті индустрияларды дамыту орта­лығы бас директорының орын­басары Бақыт Елубаева Eurasia­DOC деректі кино форумы Мәдени іс-шаралар күнтізбесін­дегі оқиға ғана емес, сонымен қатар креативті ақыл-ойларды біріктіру, серіктестік байланыс­тарды қалыптастыру және Ор­та­лық Азия елдерінде деректі кинематографияны дамытуды қолдау үшін маңызды алаң еке­нін атап өтті. Сондай-ақ Арме­ния, Қырғызстан, Қазақ­стан, Өзбекстан және Тәжік­станнан 12 деректі жоба ұсы­ныл­ды. 

«Мақсат – деректі фильм­дерді бірлесіп шығару мүмкін­дік­терін ашу үшін әртүрлі елдің мамандарын біріктіру», – деді DocMonde бағдарламасының менеджері Бианка Фонте.