«Биыл 431 мың жаңа жұмыс орны ашылады» – Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов
«Биыл 431 мың жаңа жұмыс орны ашылады» – Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов
©А.Ахметқазы
250
оқылды
Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов биыл 431 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты, ­– деп жазады «Қазақпарат». «Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында келесі шаралар ұсынылуы мүмкін. Олар: әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеу, субсидияланатын уақытша жұмыс орындарымен қамтуды кеңейту, жұмыстан босауы мүмкін жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және микро бизнесті дамытуға арналған гранттардың санын арттыру», ­– деді министр. Оның атап өтуінше,жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және жұмыспен қамтылу деңгейін сақтау мақсатында жұмысшыларды жұмыстан босауды жоспарлаған кәсіпорындар, оларды жұмысқа орналастыру шаралары мен күнделікті мониторингілеу күшейтіледі.
«Кәсіпорындар мен экономика салалары арасында жұмыскерлердің ағыны жөнінде жол карталарын, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау бойынша меморандумдар жасау жұмыстары жалғаса бермек. Елдегі тәуекел аясында жүрген барлық кәсіпорындар бірінші кезекте жалақы берешегіне жол бермеу мақсатында нысаналы бақылаумен қамтамасыз етіледі. Мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен« ҰКП-мен осы 2020 жылға жоспарланған 431 мың жаңа жұмыс орнын құру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылады», – деді Біржан Нұрымбетов.