Мемлекет басшысы Пре­мьер-Министрдің орынба­сары Қанат Бозымбаевты қа­был­дады.
Құрылыс сапасын бақылауға алуды тапсырды
592
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үкіметтің су тасқыны сал­дарын жою және зардап шек­­кен азаматтарға көмек көр­сету үшін атқарып жатқан жұ­мыс­тары жөнінде мәлімет бе­рілді. 

Премьер-Министрдің орын­басары бүгінде 64 мың­нан астам адам өз үйлеріне орал­ғанын айтты. Эвакуа­ция­лық пункттерде тұрғындарға қа­жетті көмек көрсетілуде. Та­­­биғат апаты кезінде жалпы 11 998 тұрғын үйді, 5 359 сая­жай құрылысын су басқан. Қа­нат Бозымбаевтың айтуын­ша, зардап шеккен өңірлерде 16 715 үй тексеруден өткен. Оның ішінде 15 464 нысанды ба­ғалау жұмыстары аяқталған. Ба­ғалау нәтижесі бойынша 9 903 үйді жөндеуге болады, ал 6 875 үй қалпына келтіру жа­рам­сыз деп танылды. Жарам­сыз үйлердің орнына нарықтан 4 525 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ типтік жобамен 2 350 үй салу жоспарланып отыр.

Бүгінде нарықтан 1 814 пә­тер мен үй сатып алу үшін ке­лі­сімшарттар жасалған. Зардап шек­кен аймақтардағы 841 от­ба­сы бұрынғы бұзылған үй­ле­рі­нің орнына жаңа баспанаға қо­ныстанды. Қазір 4 521 от­ба­сы үйлерін жөндеу және қал­пы­на келтіру мақсатында 57,4 мил­лиард теңге көлемінде өте­­­­­мақы алды. Жалпы, тұрғын үй­лерді қалпына келтіруге 237 мил­лиард теңге қажет. Соны­мен қатар Мемлекет бас­шы­сы­на бірреттік төлемдерді тө­леу үшін Үкімет тарапынан қа­был­данып жатқан шаралар жө­нінде баяндалды. 2024 жыл­ғы 6 маусымдағы жағдай бойын­ша 31 642 отбасы 100 АЕК мөл­­­­­шерінде бірреттік төле­ма­қы алды (барлығы 32 440 от­ба­сыдан өтініш түсті). Оған жұм­сал­ған қаржы сомасы 11 мил­­­­лиард теңгеден асады.

Бұл бағыттағы жұмыстар Қа­рағанды, Павлодар, Ақ­мо­ла, Абай, Ұлытау облыстарында толық аяқталды. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қа­зақстан, Қостанай, Атырау об­лыстарында төлем беру жал­ғасып жатыр.

Бүлінген дүние-мүлікке жүр­­гізілген бағалау ісі аяқ­тал­ғаннан кейін зардап шеккен тұр­ғындарға ең қажетті заттар са­тып алу үшін 150 АЕК-ке дейін­гі мөлшерде қосымша өте­мақы төленеді (5 489 отбасы 4 миллиард теңге көлемінде өтемақы алды).

Зардап шеккен бизнеске кел­­тірілген залалды өтеу жұ­мыс­тары басталды.

Қазіргі уақытта өңірлік ко­миссиялар шағын және орта биз­нес субъектілерінің жалпы со­масы шамамен 377 миллион тең­ге болатын 34 өтінімін қа­рап, мақұлдады.

Кездесу соңында Мемлекет бас­шысы зардап шеккен тұр­ғын үйлерді бағалау, техни­ка­лық тексеру жүргізу ісін же­дел­детуді, сондай-ақ оларды салу мерзімі мен құрылыс са­па­сын бақылауға алуды тап­сыр­ды.