Мажарстандық Ноеми Сзабадосты 12:11 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Жәмила Бақбергенова Будапешттегі турнирде алтын медаль алды
Фото: olympic.kz
2,537
оқылды

Күрес түрлерінен Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирдің екінші күнінде балуан қыздар 1 алтын, 2 қола жүлде жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Жарыста 72 келіде бақ сынаған Жәмила Бақбергенова финалда мажарстандық Ноеми Сзабадосты 12:11 есебімен жеңіп, чемпион атанды. 

Осы салмақта 3-орын үшін белдесуде Гүлмарал Еркебаева украиналық Ирина Заблоцкадан 4:1 есебімен басым түсті.

59 келіде 3-орын үшін белдесуде Диана Каюмова тағы бір отандасымыз Ирина Кузнецованы 6:4 есебімен жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.