Коллаген – ол тері, сүйек, сіңір, буын, тамырлар және бұлшықеттерде болатын құрылыстық материал.
Коллаген тапшылығын толтыруға қандай өнімдер көмектеседі?
2,104
оқылды

Адам ағзасында 25 жастан соң коллаген деңгейі төмендейді, соның салдарынан тері серпімділігін жоғалтып, ерте әжім пайда болады. Алайда рационға коллагенге бай өнімдерді қосу арқылы қартаюды баяулатуға болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Коллаген деген не?

Коллаген – адам ағзасында кездесетін ақуыздың түрі. Жалпы ол біздің ағзамыздағы барлық ақуыздың үштен бір бөлігін құрайды. Коллаген ағзамызда барлық жерде болады. Ол – тері, сүйек, сіңір, буын, тамырлар және бұлшықеттерде болатын құрылыстық материал. Коллагенді біздің ағзамыз өзі түзе алады және оны тамақтан ала аламыз.

Коллаген тапшылығын толтыруға көмектесетін өнімдер:

Ақуыз сүйек сорпасында және  бас-сирақтан қайнатылып жасалған тағамдар. Алайда ол ағзаға дұрыс сіңу үшін басқа да дәрумендер мен микроэлементтерге бай өнімдер жеу маңызды.

Пармезан ірімшігі. Ірімшікте лизин деп аталатын аминқышқыл бар. Ол қан тамырларды қатайтады және коллагеннен тұратын шеміршек тінінің жағдайын жақсартады. 

Қызыл болгар бұрышы. Бұл өнімдегі С дәрумені коллагенді сіңіру үшін маңызды антиоксидант болып табылады. Күніне бір болгар бұрышын жеу жеткілікті. 

Балқарағай жаңғағы. Бұл өнім мырышқа бай, ол иммундық жүйеге жағымды әсер етеді және шашты, теріні, тырнақты сау етеді.

Кальмар. Теңіз өнімінде бұлшықет сапасын жақсартатын сапалы ақуыз бар. Сондай-ақ ол ағзаға темір мен коллагеннің жақсы сіңуіне қажетті мысқа бай.

Майшабақ. Коллаген жақсы сіңуі үшін омега-3 майлы қышқылдары қажет. Амин қышқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады және коллаген талшықтарының қаттылығын болдырмайды. Сондықтан аптасына бір-екі рет майшабақ жеу керек.

Коллагенді қандай тағамдар бұзады?

Тәттілер, газдалған сусындар және басқа да жоғары тазартылған қант өнімдері коллаген талшықтарының жағдайына жағымсыз әсер етеді: бұл өнімдер колагенді бұзады және қатайтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.