Алматыда итімен серуенге шыққан жасөсіпірім асулы күйінде табылды, – деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Полицияның хабарлауынша, 16 жастағы жасөсіпірім асулы күйінде 6 наурыз күні таңертең «Орбита-3» ықшамауданындағы №45 мектептің жанындағы спорт алаңынан табылды.
Алматы қалалық ПД хабарлауынша, бұл факті ҚР ҚК-нің 105–бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді.
«Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізеді. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қарау кезінде 2003 жылы туған З. денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ»,– деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.