Отандасымыз 63 кг дейінгі салмақта барлық қарсыласынан айласын асырды.
Қазақстандық таеквондошы Люксембургтегі халықаралық турнирде алтын медаль алды
Фото: ҰОК
1,368
оқылды

Таеквондошы Самирхон Абабакиров Люксембургте өткен  G-1 санатындағы халықаралық турнирден алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 63 келіде сынға түскен Самирхон турнир барысында қарсылас шыдатқан жоқ. 

Бұл спортшының Азия аймақтық лицензиялық турнирден кейін қатысқан алғашқы бәсекесі. 

Отандасымыз 63 кг дейінгі салмақта барлық қарсыласынан айласын асырды.

Еске сала кетейік, Абабакиров Париж Олимпиадасында 58 келі салмақта бақ сынайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.