Бұдан 20 жыл бұрын мобильді телефондар нарығының көшбасшысы болған финдік Nokia компаниясы жаңа технология ұсынды. 3D аудио телефонмен әңгіменің сапасын жақсартып, сұхбаттасушы адамдарды бетпе-бет сөйлескендей әсер береді.
Nokia қайта келді: енді олар дауыстық қоңыраудың болашағын көрсетті
«Біз дауыстық қоңыраудың болашағын көрсеттік», – дейді Nokia-ның басшысы Лундмарк. Фото helsinkitimes.fi сайтынан алынды. Авторлығы: AFP / Lehtikuva / Josep Lago
3,412
оқылды

Бүгін Reuters Nokia компаниясы дауыстық қоңыраудың болашағын көрсеткенін жазды. Жаңа технологияның болашағын Aikyn.kz осы материалға сілтеме жасай отырып түсіндіреді.

«Иммерсивті аудио және видео» деп аталатын жаңа технологияны пайдаланып, алғашқы телефон қоңырауы жасалды. Фото kv.by сайтынан алынды

Nokia-ның Бас атқарушы Пекка Лундмарк 3D аудио арқылы қоңырау сапасын жақсартып, өзара әрекеттесуді шынайы жасайтын «иммерсивті аудио және видео» деп аталатын жаңа технологияны пайдаланып алғашқы телефон қоңырауын жасады» деп хабарлады дүйсенбі күні (10 маусым) Reuters.

«Біз дауыстық қоңыраудың болашағын көрсеттік», – дейді 1991 жылы да ең алғашқы 2G қоңырау шалу оқиғасына қатысқан Nokia-ның басшысы Лундмарк. 

«Иммерсивті» термині «шынайы қатысу, ортаға бойлау» деген мағына береді. «Телефонмен иммерсивті режимде сөйлесу» деп арнайы аудиовизуалды технологияның көмегімен сізбен әңгімелесуші адам бетпе-бет сөйлесіп тұрғандай әсерде болады.

Алғашқы «иммерсивті аудио» әңгімелесу Nokia-ның Бас атқарушы Пекка Лундмарк пен Финляндияның цифрландыру және жаңа технологиялар жөніндегі елшісі Стефан Линдстрем. Фото techradar.com сайтынан алынды. Авторы: Nokia Technologies

Қазіргі заманғы смартфон қоңыраулары моно болып табылады, бұл аудио элементтерді біріктіріп, тегіс және азырақ егжей-тегжейлі дыбыс беруге мүмкіндік береді. Бірақ Nokia-ның жаңа технологиясы дыбысты 3D форматына ауыстырды. Бұл жерде телефонмен сөйлесуші екі адам бір бөлмеде бетпе-бет сөйлесіп тұрғандай әсерде болады.

Nokia Technologies компаниясының президенті Дженни Лукандер: «Бұл смартфондар мен компьютерлерде кездесетін моно телефония пайда болғаннан бергі дауыстық қоңыраулардағы ең үлкен жетістік», – дейді.

Алғашқы «иммерсивті аудио» әңгімелесу Nokia-ның Бас атқарушы Пекка Лундмарк пен Финляндияның цифрландыру және жаңа технологиялар жөніндегі елшісі Стефан Линдстремнің арасында өтті.

Телефонмен әңгімелесудің жағымсыз жақтары да болатынын мына әзіл видеодан көруге болады:

«Ол қазір стандартталған... сондықтан желі провайдерлері, чипсет және телефон өндірушілері оны өз өнімдеріне енгізе алады», – дейді Лукандер журналистерге берген сұхбатында.

Nokia қоңырауды жалпыға ортақ 5G желісі арқылы кәдімгі смартфон арқылы жасады. Nokia Technologies инженерлерінің айтуынша, екі адамның арасындағы иммерсивті әңгімелесуден басқа жаңа 3D форматы қатысушылардың дауыстарын кеңістікте орналасуына қарай бөлуге болатын видео конференц-байланыстарда да қолдануға болады.

Смартфондардың басым көпшілігінде нақты уақыт режимінде қоңыраудың кеңістіктік сипаттамаларын беретін осы технологияны іске асыру үшін пайдалануға болатын кемінде екі микрофон бар. Технология алдағы 5G Advanced стандартының бір бөлігі болады және Nokia бұл технологияны лицензиялау мүмкіндіктерін іздейді, оның кең таралуы үшін бірнеше жыл қажет болуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.