Биыл Ақтөбе облысы Байғанин ауданында «AMANAT» партиясының Жол картасы бойынша 47 іс-шара жүргізіліп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 55 жоба іске асырылуда.
Байғанин ауданында игі іс көп
893
оқылды

Биыл Ақтөбе облысы Байғанин ауданында «AMANAT» партиясының Жол картасы бойынша 47 іс-шара жүргізіліп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 55 жоба іске асырылуда.

Партияның Ақтөбе облыстық филиа­лы төрағасы Ербол Данағұлов, облыстық мәслихаттың фракия мүшесі Естай Сисенбаевпен бірге  Байғанин ауданында барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 

Байғанин ауданына қарасты Қарауыл­келді ауылында екі қабатты коммунал-дық тұр­ғын үйлердің құрылысын «Аймар­­Строй­Сервис» ЖШС былтыр мамырда бас­­таған болатын. Құрылыс мате­риал­да­рының қымбаттауына байланысты жо­ба­лық-сметалық құжаттамасына өзгеріс ен­гізілген. Түзетулерге сәйкес өткен айда қа­жетті қаражат бөлініп, құрылыс жұ­мыс­тары қайтадан қарқын алған. Құры­лыс­­ты осы жылдың тамыз айының соңын­­д­а толық аяқтау көзделіп отыр. Бай­­ғанин ауданында Жол картасы бойын­ша биыл 47 іс-шара жүзеге асы­рылу үстінде. Со­ны­мен қатар ауданда «Ауыл аманаты» жо­басы қарқынды түрде жү­ріп жатқан кө­рінеді. Тіпті, мемлекеттен ша­ғын не­сие алып ісін дөңгелетіп отыр­ған­дар бар. Солардың бірі – ауыл тұр­ғы­ны Ма­нар­гүл Мұқанова. Манаргүл был­тыр жар­тылай фабрикаттар өндірісі бойын­ша мем­лекеттен 6 900 000 теңге кө­­­лемінде жеңіл­детілген несие алған. Қа­зір аудан ор­талы­ғынан «Айша» тұш­параханасын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бүгінде кәсіп­кер өзінен бөлек,  ауыл­да 3 адамды жұ­мыспен қамтыған. 

Берік БЕК