Диетолог Клаудия Ле Февр жүрек ауруларының қаупін азайтуға көмектесетін 5 тағамды атады
Диетолог кеңесі: жүрек ауруларының алдын алуға көмектесетін 5 өнім
2,707
оқылды

Адамдардың күнделікті тамақтану салты жүрек-қан тамырлары жұмысымен тікелей байланысты. Диетолог Клаудия Ле Февр жүрек ауруларының қаупін азайтуға көмектесетін 5 тағамды атады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Қара шоколад. Тәттінің құрамында қан қысымын, сондай-ақ ағзадағы қабыну деңгейін төмендететін флавоноидтар бар.

Сұлы ботқасы. Таңертең бір табақ сұлы ботқасы жүректің жақсы жұмысына тікелей байланысты холестеринді төмендетуге қабілетті.

Бұршақ дақылдары. Бұл қандағы холестерин мен триглицеридтердің төмендеуіне ықпал ететін талшықтың тамаша көзі.

Жасыл және жапырақты көкөністер. Олар антиоксиданттарды көбейту арқылы жүректің саулығын жақсартады.

Жаңғақтар. Омега-3 май қышқылдары мен Е дәруменіне бай жаңғақтар "жақсы" холестерин деңгейін жоғарылатып, керісінше "жаманының" мөлшерін азайтады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.