"Азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлар қымбаттауы мүмкін" – Ұлттық экономика министрі
"Азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлар қымбаттауы мүмкін" – Ұлттық экономика министрі
©Рафхат Халелов
1,305
оқылды
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов теңгенің құлдырауына байланысты азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да тауарлардың бағасына қатысты болжамын айтты, -­ деп жазады Tengrinews.kz. 
«Бүгінде баға өте маңызды мәселе. Оны екіге бөлуге болады: азық-түлік өнімдері және азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлар. Ауыл шаруышылығы министрлігінің мәліметінше, азық-түлік өнімдерінің көбі – отандық өнім. Жергілікті ресурстарға тіркеулі. Сондықтан теңге бағамының өзгеруіне байланысты баға өзгерісі болмауы керек. Басқа факторлар, әрине, әсер етуі мүмкін. Бірақ ішкі ресурстарда өндірілетін тауарларға бағам шектеулі», – дейді Руслан Дәленов. 
Ұлттық экономика министрінің сөзінше, азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауар бағасына бағамның өзгеруі әсер етуі мүмкін.
«Ішкі нарықта өндірілмейтін немесе қажет жағдайда өндірілмейтін электрон техника, фармация секілді саладағы өнімдер бағамның өзгеруі әсер етеді. Бірақ мұндай жағдайлар 2009, 2016 жылдары да болған», – дейді министр. 
Айта кетейік, кеше ақша айырбастау пунктерінде доллар бағасы 400 теңгеге дейін жоғарылады.