Кәсіпкер алғаш тапқан табысы, отбасы туралы әңгімеледі.
«Жаман әке болмадым»: Тұрсын Алагөзов балаларымен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: видеодан кадр
10,168
оқылды

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бірінші некесінен дүниеге келген балаларымен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Rәсіпкер Forbes Kazakhstan арнасына берген  сұхбатында өміріндегі өзгерістер жайлы баяндады. Кәсіпкер продюсер Баян Мақсатқызына үйленгеннен кейін балаларымен араласпай кеткен болатын. Қазір қарым-қатынастары ретке келгенін жеткізді.  

«Балаларыммен арақатынасымыз өте жақсы. Қызымның жасы – 33-те. Ұлым маусым айында 28 жасқа толады. Екеуі де ересек адамдар. Қызым тұрмысқа шықты. Баласы, өзінің отбасы бар. Ұлым Мәскеуде тұрады. Қызым Амман қаласында тұрады. Мен жаман әке болмадым. Қызымның сыныбына өте көп көмектестім. Ата-аналар комитетінің төрағасы болдым. Бизнестерімді қайтып алғаннан кейін қарым-қатынасымыз да жақсара түсті. Қызымды түсінуге тырысамын. Өйткені әйелдік болмысқа салынып, маған ренжуі де мүмкін. Уақыт өте келе бәрі қалпына келді. Ұлыммен күн сайын сөйлесеміз. Немерелерімді көріп тұрамын. Қызым балалы болғанда қонақ болып барып қайттым”, – дейді Тұрсын Алагөзов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.