Актриса біраздан бері басы ауырып жүргенін айтады.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға түсіп қалды
Фото: instagram.com/ zhuldyzabdukarimovaofficial
1,343
оқылды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, – деп жазды Aikyn.kz.   

Оның айтуынша, әзірге дәрігерлер нақты диагноз қоймаған. Актриса біраздан бері басы ауырып жүргенін айтады. 

«Осыдан екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Неврология бөліміндемін. Әзірге дәрігерлер нақты диагноз қойған жоқ. Бірінші ем алуым керек екен. Қан талдамасын жасады. Ертең МРТ аппаратына түсіреді, сосын бәрі белгілі болады. Негізі 2016 жылдан бері басым ауырып, соған тиісті ем қабылдап жүргенмін. Кейіннен карантин басталып кетті де, ем алуды мүлдем ұмытып кеттім, есімнен шығыпты. Әйтпесе әр алты ай сайын ем алуым тиіс еді. Қазақилыққа салынып, «басымның сақинасы ұстап тұр» деп, немесе «шай ішпегеннен шығар», «біреуден сөз есітіп, соның салдарынан шығар» деп немқұрайдылықпен қарай саламыз. Негізі олай болмайды, бастың жөні бір бөлек екен», -  деді Жұлдыз Әбдікәрімова Іnstagram-дағы Stories бөлімінде. 

Желі қолданушылары тезірек сауығып кетуін тілеп, пікір қалдырды. «Ем болсын, тез жазылыңыз», «Жұлдыз, сізді жақсы көреміз, жазылып кетіңіз», «Балаларыңызға ертерек оралыңыз, шипасын берсін», «Менің де басым жиі ауырады. Сақинасы ұстап жатыр деп жүре беремін. Емделу өте қымбат, ақшамды қимаймын», деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.