Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501.
Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
1,673
оқылды

Қазыбек Нөгербек бүгін Үндістанның Гандинагар қаласында аяқталған 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, отандасымыз классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501.

Еске сала кетейік, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.

Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.