Ол Ділмұрат уағызшыны ұстаз санайтын ер кісіге тұрмысқа шыққан.
«Сәлафтар мені бір-біріне зат секілді сыйлады» – шымкенттік келіншек
discred. ru
17,710
оқылды

Қара түсті хиджаб оранған келіншек өзінің сәләфизм ағымын ұстанатын топ өкілдерінен қорлық көргенін жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аzattyq.ruhy желісінде жарияланған бейнежазбада әйел өзінің және бала-шағасының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жасырғанын айтады. Ол сөзінде Шымкент қаласының тұрғыны екенін ғана мәлімдейді. 

“Мен өз сөзімді өзін сәләфпын (cалафизмді ұстанатындар) деп жүрген қыз-келіншектер мен Ділмұрад ахиға арнаймын,” – деп бастады ол әңгімесін.

Ол сәлаф азаматқа тұрмысқа шыққаннан кейін жарының айтуымен Ділмұраттың уағыздарын тыңдап келген. Уағызшыны ұстаз санайтын ер азаматқа тұрмысқа шыққан. 

“Бірақ көп ұзамай күйеуім мені бір бауырына сый ретінде, зат ретінде сыйлап жіберді.

Осылайша екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне сыйлап жібере берді. Сол арада әр тұрмыста балалы болып отырдым. Бір сәләфтан "Бұған кім кінәлі?" деп сұрасам, "Қарындасым, тағдыр ғой, сабыр сақта!" деп айтады. Қайдағы тағдыр? Сәләфтардың қателіктері, надан тірліктері,” – деп ашынады әйел.

Өзінің қателескенін кейін ұқққан әйел осының бәріне уағызшы Ділмұратты, оның айтқан уағыздары мен лекцияларын кінәлады.

Айта кетейік, Ділмұрад Махаматов – салафизмді насихаттаған уағызшылардың бірі. 2019 жылы 8 жылға сотталған. ҚМДБ оның уағыздарын тыңдауға тыйым салған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.azattyq.ruhy