Қайтыс болған балалардың бірі 3 жаста, енді бірі 6 жаста.
"Тұшпара жеп, кола ішкен": СҚО-да екі бала уланып қайтыс болды
Фото: freepik.com
1,250
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында астан уланған бір отбасы ауруханаға түсті. Екі баланы дәрігерлер ажалдан құтқара алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Оқиға 13 маусым күні Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде болған. Балалардың әкесінің айтуынша, бір күн бұрын отбасы ауылдағы дүкеннен тұшпара сатып алып жеп, кола ішкен.

Sm1.kz деректері бойынша, облыстық ауруханаға тамақтан уланған Коваленколар отбасы – 1996 жылы туған анасы және оның 2014, 2017 және 2021 жылы туған кәмелетке толмаған балалары түсті. Өкінішке қарай, 3 жасар ұлы мен 6 жасар қызы қайтыс болды, отбасының қалған мүшелеріне медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта отбасының уланып, 3 және 6 жастағы екі баланың қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша тексеріс басталды. Тамақтың сынамасы алынып, зертханаға жіберілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.