Егер фильмнің сюжеті сіз көрген сайын өзгеріп отырса қалай болар еді? Бұл болашақ режиссерлер үшін жаңа тәжірибе бағыты болмақ.
Әр көрген сайын сюжеті өзгеріп отыратын фильмдер шығарылады
Болашақта көрерменді жалықтырмай, бірнеше рет көруге қызықтыру үшін фильмдердің сюжеттері өзгеріп тұратын болады. Фото trends.rbc.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Freepik
1,563
оқылды

Генеративті кино идея туралы жазған BGR технологиялық платформасы фильмдерді көрген сайын оның сюжетін өзгертуге жасанды интеллекті қолдануға болатынын жазды. Қызықты идеяның болашағы туралы Aikyn.kz осы материалға сүйеніп талдайды.

Бірінші генеративті деректі фильм аты аңызға айналған музыка индустриясының өкілі Брайан Эноның кәсіби қызметіне арналған. Фото dzen.ru сайтынан алынды

Болашақта көрерменді жалықтырмай, оны бір фильмді бірнеше рет көруге қызықтыру үшін фильмдердің де сюжеттері өзгеріп тұратын болады. Қазірдің өзінде режиссерлер осындай генеративті кино жасай бастаған.

Басты идеясы – сюжеттік желіні өзгертіп, әрбір көрген сайын бір фильмнің мүлдем басқа нұсқаларын жасау үшін ЖИ-ді пайдалану.

Қазіргі уақытта осындай жолмен түсірілген бір ғана фильм бар. Бұл «Eno» деп аталатын жаңа деректі фильм. Фильм көрермендерге аты аңызға айналған музыка индустриясының өкілі Брайан Эноның мансабына тереңірек енуге көмектесуге арналған «генеративті деректі фильм». Ең қызығы – сізбен бірге бір жерде, бір мезгілде көрмейінше, басқа адамдар сіз көрген сюжеттегі фильмді ешқашан көре алмайды.

Гэри Хаствиттің жетекшілігімен жасалатын генеративті фильм биыл шығады және автордың айтуынша, оның таңғаларлық 52 квинтиллион нұсқасы бар. Фото Shutterstock сайтынан алынды

Режиссер Гэри Хаствиттің жетекшілігімен жасалатын генеративті фильм биылғы жылы шығады және автордың айтуынша, оның таңғаларлық 52 квинтиллион нұсқасы бар. Фильмнің әртүрлі нұсқалары болуы мүмкін және бұл нұсқалардың барлығын фильм басталған сайын ЖИ жасайды.

Әрине, бұл жерде шын мәнінде үлкен проблемалар бар. Қазірше ЖИ-ді пайдаланып басқа да фильмдердің сюжеттік нұсқаларын өзгертуге болмайды. Мысалы, «Қыз Жібек» пен «Көшпенділер» фильмдерінің сюжеттік желісін өзгерте алмайды.

Дегенмен негізінен сұхбаттар мен клиптерден құралған «Eno» сияқты деректі фильмде өзгерістерге, ЖИ-дің фантазиясын шабыттандыруға мол орын бар. Осылайша оқиғаны ерекшелеуге көмектесетін бірегей және қызықты нәрсе жасаудың тартымдылығын музыка индустриясында жасау оңай.

 

ЖИ және жалпы генеративті киноның болашақта киноиндустрияда ойнайтын рөліне қатысты алаңдаушылық әлі де артып келеді. Бүгінге дейін аталған деректі фильмге жақсы бағалар берілді. Жасанды интеллект киноиндустрияға қаншалықты терең енетінін және оның нәтижелерін уақыт көрсетер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.