Германиялық басылымның жазуынша, әйелдің мәйіті Германияның батысындағы Бенсхайм қаласының шетінде табылған.
"Мәйіті қара пакетке салынған": Германияда жоғалып кеткен экс-судья қала шетінен өлі табылды
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан
1,075
оқылды

Германияда із-түзсіз жоғалып кеткен Айгүл Сайлыбаева көз жұмды. Бұл туралы жергілікті BILD басылым жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Германиялық басылымның жазуынша, әйелдің мәйіті Германияның батысындағы Бенсхайм қаласының шетінен табылған.

«Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Оның үйінде 35 тергеуші жұмыс істеп жатыр», – деп жазды басылым.

Айгүл Сайлыбаева Германияға көшкенге дейін Астанада судья болып жұмыс істеген. Бенсхаймда отбасымен бірге тұрған.

Айта кетейік, ол 4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апаруға кеткен күйі оралмаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.