ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жаңа үлгідегі жеке куәліктерін шығаруды бастады.
Жаңа үлгідегі жеке куәлік қолданысқа енгізілді
572
оқылды

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің аза­маттығы мен жынысы туралы деректер көр­сетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шы­ғын талап етпейді және азаматтардың жаңа құ­­­жаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері – 738,4 теңге).

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады. Қазақ­стандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек құжатының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыруы керек болған кезде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.