Қару-жарақ жасап, әскер даярлауда дүниежүзі елдері арасында бәсеке жылдан-жалдан жылға артып барады.
Әскер ме, әлде әскери кафедра ма?
782
оқылды

Елімізде де әскери реформалар енгізіліп, әскерге шақырылған азаматтардың саны уақыт өте өсіп жатыр. Естеріңізге салсақ, Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, 2024 жылдың көктемінде әскери қызметтен босауға немесе кейінге қалдыруға негізі жоқ 18-27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылған. Алайда әскерге көшеден ұстап әкетіп жатқаны туралы да жаңалықтар күннен-күнге жиілеп барады. Не себепті жастар әскерге барып, ел алдындағы борышын өтегілері келмейді?

Әскери борышын өтеген азаматтардың артықшылықтары

Қазақстан Республикасында 2022 жылдан бері барлық мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтарға екі жыл ішінде кез келген ЖОО ақылы бөліміне оқуға түсуге мүмкіндік беріліп келеді, ал қызметін өтеу барысында ерекше көзге түсіп, жауынгерлік даярлық кезінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген азаматтарға ЖОО тегін грант бөлімінде оқуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар мерзімді әскерге барып келгендердің оқып жатқан университеттерінің әскери кафедрасында еш емтихансыз, тегін оқуға мүмкіндіктері бар. Ал әскери оқу орындарына оқуға түсу, тіпті жеңіл. Мерзімді қызметтен кейін сарбаздар «Ефрейтор» шенін иемденіп шығады.

Әскери кафедра

Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 38 әскери кафедра запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлайды. Кафедра көптеген университетте бар. Кафедра қабырғасында оқып запастағы лейтенант( офицер) дәрежесін алу үшін 2 жыл, запастағы сержант дәрежесін алу үшін 1 жыл уақыт керек. Ең басым артықшылығы: оқумен қатар алып жүруге болады, яғни оқу жылының уақытында студент аптаның бір күнін ғана әскери кафедраның қабырғасында өткізеді. Толықтай оқу бағдардамасы аяқталған соң ( Лейтенанттар үшін 2 жыл, сержанттар үшін 1 жыл) бір ай әскери полигонда оқу-жаттығу жұмыстарына қатысады. Міне, бүгінгі күні барлық кафедра осы жүйемен жұмыс істейді. Әрине,  бәрімізге белгілі студенттердің басым бөлігі әскери кафедраға түсуді қалайды. Соның да кесірінен грант орындарына бәсеке өте жоғары, бір орынға кем дегенде 5 бала үміткерлікке түседі.

Әскери кафедрада оқитын студенттердің арасында жүргізілген сауалнама бойынша, он баланың жетеуі болашақта жұмысқа кіру жеңіл  болатындықтан кафедрада оқып жатқандарын айтады. Өйткені бір жыл бойы үйінен жырақта, байланыссыз, телефонсыз жүріп маңдай термен алған шеннен, университеттегі сабақпен қатар аптасына бір күн оқып екі жылда алған шен анағұрлым жоғары болады. Бірақ әскери кафедраны бітірген барлық “запастағы офицер” мен “сапастағы сержант”  дәрежесін иеленген азамат шақырылған жағдайда 2 жыл әскер сапында жұмыс істеуге міндеттеледі. Сондықтан да әскерге шақырылған студенттердің басым бөлігі әскери кафдерада оқығанды құп көреді.

Әрине, бір жыл бойы шалғайда ақ тер, қара тер болып алған шеннен, аптасына бір күн ғана екі немесе бір жыл барып алған шенің анағұрлым жоғары болса, жастардың басым көпшілігінің  таңдауы әскери кафедра болары анық. Алайда, мерзімдік әскери қызмет өтегендерге жаңа жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беру талқылануда және алдағы уақытта одан да дами түсетіні белгілі. Ал әскери кафедраға келер болсақ, қарапайым “Ресейде барлық кафедра 2019 жылдан бері жабылған. Олардың орнына әскери дайындау орталықтары бар, оны тәмамдағаннан кейін 2 жыл қызмет етуге міндеттеледі”. Сол сияқты Қазақстанда да әскери кафдераның тиімділігін арттыруға тың реформалар болары анық.

Айсер Бейсенғали, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.