Бұл компанияның өсу жылдамдығы тарихта болмаған оқиға. Жыл сайын 4 есеге өсу биржаларда бұрын тіркелмеген.
Бүкіл әлем күткен оқиға: Nvidia Microsoft-ты басып озып, әлемдегі ең қымбат компания атанды
Nvidia бас директоры Дженсен Хуангтің компания жетістігіне көңілі толады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: AFP
1,983
оқылды

Әлемде үлкен дүрбелең тудырған ЖИ құбылысы Nvidia акцияларының қарыштап өсуіне негіз болғанын businessinsider.com сайты жазды. Біз де бұл күнді көптен күткен едік. Aikyn.kz америкалық басылымдағы хабарламаға сүйеніп, жаңа көшбасшының жылдам өсу себептерін түсіндіреді.

Қара былғары күртешесін тастамайтын бас директор Дженсен Хуанг болашақ даму бағытын іздеуде. Фото bmcnews.com сайтынан алынды

Бастапқыда компания құрылтайшылары компанияны NV (Next Version, келесі нұсқа) деп атамақшы болады. Кейіннен олардың көзіне латынның «invidia» сөзі түседі де, компания атауы video сөзіне ұқсастырылып NVIDIA болып өзгертіледі.

Invidia сөзі латыннан аударғанда «қызғаныш» деген мағына береді.

Құрылтайшылар «басқалар біздің компанияға қызғанышпен қарасын» деген болар. Бүгін олардың ойлары дәл шықты. Әлемдегі мыңдаған бәсекелестері мен менеджерлер, қаржыгерлер Nvidia-ның жетістігі мен табысына қызғанышпен қарайды. Бұл символ компания логотипінде де жақсы көрінеді: қабылдауға өте жұмсақ жасыл түс, көз бейнеленген. 

Әлемдегі мыңдаған бәсекелестері Nvidia-ның жетістігіне қызғанышпен қарайды. Бұл компания логотипінде де жақсы көрінеді: қабылдауға өте жұмсақ жасыл түс, көз бейнеленген. Фото nvidia.com сайтынан алынды

Nvidia туралы Aikyn.kz жиі жазып келеді: 1-ші материал, 2-ші материал, 3-ші материал және 4-ші материал соңғы айларда жарияланды.

Nvidia атауын есіңізге мықтап сақтап алыңыз. Бұл – болашақтың компаниясы. Жасанды интеллект жүйелері үшін өте қажет графикалық процессорлар (GPU – graphics processing unit) шығаратын әлемдегі көшбасшы Nvidia компаниясының акциялары кеше (18 маусым)  4%-ға қымбаттады. Оның құны Microsoft-тың нарықтық капитализациясынан асып түсіп, Nvidia әлемдегі ең қымбат компания атанды. Инвесторлар болса бұл өсім жыл бойы жалғасатынына сенімді. 2024 жылдың 6 айында ғана компанияның құны 173%-ға өскен. Бұндай қаржылық рекордтар Wall street-те бұрын тіркелмеген.

Сейсенбіде (18 маусым) түстен кейін Nvidia акциялары 136,25 доллар болып, чип өндірушінің нарықтық құны 3,338 триллион доллардан асты. Ал екінші орынға ығысқан Microsoft корпорациясының құны 3,326 триллион доллар. Қазірше екі көшбасшы компанияның нарықтық капитализациясының айырмашылығы небәрі 12 миллиард долларды құрайды. Бірақ енді бір-екі айда бұл басымдық Nvidia компаниясының пайдасына ұлғая беретініне қаржыгерлер сенімді.

Алыптардың көлеңкесінде еленбей келген компания екі жылда әлемдегі ең бай компания атанды. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Justin Sullivan

Чип өндіруші үшін 2024 жылы серпінді өсу айлары болды, оның акциялары 173%-ға өсті. Былтырғы өсу динамикасы да таңғажайып болған еді – 200%-дан астам!!!.

Wall street бұндай өсім сақталады және одан да көп өседі деп күтуде. Тіпті, бір сарапшы компанияның бағасы 2030 жылдың соңына қарай 10 триллион долларға жетеді деген пікірде. ChatGPT 2022 жылдың 30 қарашасында чиптерге деген сұраныс өсіп, жасанды интеллект құбылысы Nvidia-ның өсуіне ықпал етті.

Компания бір айдан аз уақыт бұрын әлемдегі екінші ірі компания Apple-ді басып озды. Соңғы уақыттарда Nvidia-ның сатылымы өте жақсы жүріп жатыр.

2022 жылдан бері Nvidia акциялары 700%-дан жоғары болса да, компанияның негізгі бағалауы төмендеді, бұл оның кірісі акция бағасынан жылдам өсіп жатқанын көрсетеді. 2022 жылдың қарашасында Nvidia-ның баға мен пайда форвардтық арақатынасы 50 есеге жуық болса, бүгінгі күні шамамен 40 есе болып тұр.

Төмендегі екі графикте Nvidia-ның соңғы 6 айдағы өсімі мен 2020 жылдан бергі акцияларының бағасы көрсетілген:

Чип өндіруші үшін 2024 жылы серпінді өсу айлары болды, оның акциялары 173%-ға өсті. График google.com/finance сайтынан алынды

Nvidia инвесторлар сенімін ақтады: 2020 жылдан бері 3477%-ға өсті. График google.com/finance сайтынан алынды

Nvidia инвесторлары нарықтағы күшті бәсеке Nvidia-ның соңғы жетістіктерін жоққа шығаруы мүмкін деп алаңдайды, бірақ өмірде бұл әлі жүзеге аспады. Nvidia-ның ең жақын бәсекелесі AMD осы жылы жасанды интеллект графикалық процессорынан шамамен 4 миллиард доллар табыс табады деп күтілуде.

Ал Nvidia болса биыл жасанды интеллект чиптерінен 120 миллиард доллардан астам табыс табады деп болжанған.

Nvidia сияқты ірі алпауытқа айналған компаниялар өз өндірісінің диверсификациясына үнемі көңіл бөледі. Әлем нарығындағы осындай оңтайлы жағдайды пайдаланып, қазақ Үкіметі де Nvidia-мен серіктестік орнатып, шикізаттық әлеуетімізді технологиялық серпіліске айналдыруды ойластыра ала ма?!

Бұл жерде ежелгі грек философы Сократтың 2470 жыл бұрын айтқан «Әрекет еткісі келген мүмкіндіктерді іздейді, ынтасы жоқ адам себептерді іздейді» деген даналығынан сабақ алсақ болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.