Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жур­налистика және саясаттану факультетінің 4-курс сту­денті Аружан Амангелді өзі білім алған оқу орнына қол ұшын соз­ды: ол әлеуметтік осал санаттағы студенттерді қолдау үшін ЕҰУ-дың Эндаумент қорына 5 миллион теңге аударды. Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет ЖОО студенті өз уни­верситетіне қайырымдылық көмек көрсетіп отыр.
Эндоумент қорына 5 миллион теңге аударды
435
оқылды

Аружан Амангелді студенттік ке­зінде QADAZ MEDIA білім беру ор­талығын ашты, онда жоғары оқу орнына түсуге талапкерлер дайын­­далады. Оның өмірлік ұраны: «Әр­қашан сіз күткеннен де көп беріңіз».

«Университет маған үлкен мүм­­кін­діктер берді, мен ЕҰУ-да бо­ла­шағыма негіз қалағаныма шек­сіз ризамын. Студенттерден еш­теңе күтпейді, университет оның орнына бәрін береді. Бұл үлгі менің өмірге деген көз­қара­сым­ның негізі болды. Мен өз мы­­­­­салыммен «Су ішкен құдыққа тү­кірмеу» қаншалықты маңызды еке­нін көрсеткім келеді, мен сту­дент­тердің сиқырлы таяқ­шаны кү­ту­ді тоқтатып, өз өмірлері үшін жауапкершілікті өз мойнына ал­ғанын қалаймын. Өзіңізбен болған бар­лық нәрсені, өмірлік тә­­­­жіри­бені талдаңыз, ал білімді әрі қарай әрекет ету үшін алыңыз. Универ­си­тет сізге табысты бола­шақ бер­мей­ді, ол сізге бағыт қана бе­реді, сіз сол арқылы табысқа же­те­сіз», – дейді ЕҰУ-дың жас ме­це­­наты.

Айта кетейік, ENU Endowment Fund 2022 жылы мұқтаж студент­терді, сондай-ақ талантты білім алу­шыларды қаржылық қолдау, олар­дың инновациялық қызметі, университеттің түрлі жобасын іс­ке асыру мақсатында құрылған. Бү­гінде ENU Endowment Fund сту­­­дент­тердің әлеуметтік осал са­на­ты үшін 30 шәкіртақы беріп ке­­­леді. 

ENU Endowment Fund ме­це­нат­­тары: түлектер, кәсіпкерлер, қо­­ғам қайраткерлері және бас­қа­лар.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ