Жуырда ғалымдар масаны 400 мың есе үлкейтіп көрсететін микроскоппен зерттеді.
Масаның 100 көзі, 48 тісі, 3 жүрегі бар екенін білесіз бе?
aqmeshit-zhastary.kz
7,561
оқылды

Нәтижесінде, масаның басында 100 көзі, 48 тісі бар екенін және үш жүрегі: біреуі ортаңғысы да, әр қанатында тағы бір-бір жүректен бар екенін анықтапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты aqmeshit-zhastary.kz сайтына сілтеме жасап.

Әр жүрегінде екі клапан мен екі асқазаны болады екен. Құста кездесе бермейтін жылу сезетін органы да бар. Ол органмен бір нәрсенің түр-түсі мен денесін көре алмайды, тек содан шығатын жылуды сезеді. Мысалы, бөлменің іші 5 градус қана жылы болып, ол бөлмеде дене қызуы 36-37 градусқа жеткен бала жатса, маса тек баланы ғана көреді. Масаның қанды қашықтан тексеріп көретін, қанға сараптама жасайтын мүшесі де бар.

Төсекте екі адам жатса, ол қаны ұнамайтын адамды шақпайды, қасында жатқан адамға барып қонады. Масаның қанды сұйылтатын қасиеті де бар екенін айта кету керек. Адамның қаны қою болады. Ол қан өзі кіп-кішкентай масаның одан да жіп-жіңішке «тұмсығынан» өте алмайды. Сондықтан ол қанды алдымен сұйылтып алып, содан кейін сора бастайды. Шағатын кезде білдіртпеу үшін маса алдымен ауырсынғанды басатын «укол» салып алып, сосын қанды сорады екен. Ол «уколдың» күші маса әбден қанға тойынғанша тарқамайды екен. Айтпақшы, Құранда бұл туралы: «Алла Тағала масаны не басқа бір нәрсені сендерге мысал етіп көрсеткеннен әсте ұялмайды!» деген.

Маса біріншіден, адам тыныс алған ауаға қарап оларды іздеп табады екен. Жүкті әйелдер тыныс алған кезде көмірқышқыл газын өзгелерден артық бөледі екен. Сондықтан маса адамдар арасындағы аяғы ауыр әйелді бірінші болып шағады.

Таза ауада терлеп жүгіргеннен кейін маса атаулы сізді шағуға құмар болады. Себебі маса сіздің денеңізден бөлінетін сүт қышқылына құмар.

Мамандар адам денесін қыздыра түсетін ішімдіктерден кейін, маса атаулының құрбанына айналарыңызды ескертеді.
Ғылыми зерттеудің нәтижесіне қарасақ  масалардың 83 пайызы  қаны  I топтағы адамдарды шағады екен. Қаны II топтағы адамдарды масалар сирек шағады екен. Егер ғалымдар айтқан тізімде болсаңыз күн жылыда масадан қорғанып жүріңіз.