Турист Көкшетау тауының шыңына шығып, өздігінен түсе алмай қалған.
Бурабай тауларында ер адам құтқарылды
602
оқылды

Қарағандылық ер адам Бурабай курортының ең биік тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмай қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келген бойда қарағандылық туристің Көкшетау тауының шыңына шыққанын анықтады. Оған өздігінен түсуге құтқарушылар көмектесті.

– Шамамен екі сағатқа созылған құтқару операциясы сәтті өтті, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.