Олар қызметкерлерді жұмысқа қағаз жүзінде ғана алып, жалақысын өздері алып келген.
Шымкентте дендросаябақтың басшылығы 14,7 миллион теңгені жымқырмақ болған
Фото: facebook/Дәурен Ерғарин
1,167
оқылды

Шымкенттегі дендросаябақтың басшылығы мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл депараментінің мәліметінше, саябақ директоры, кадр бөлімінің басшысы мен бас бухгалтер 15 миллион теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденбек болған. Олар қызметкерлерді жұмысқа қағаз жүзінде ғана алып, жалақысын өздері алып келген.

Тексеруден соң саябақ басшылығы алаяқтық әрекетін мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толық өтеді.

Іс сотқа жолданды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.