Бюджеттің мүмкіндіктері мен басымдықтарын ескере отырып, 3 ұлттық жоба қабылданды.
10 ұлттық жоба мен екі мемлекеттік бағдарламаның күші жойылды
gov.kz
693
оқылды

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың іске асырылу деңгейіне тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты Қазинформға сілтеме жасап.

«2022 жылдан бастап Үкімет жобалық басқарудың белгіленген өлшемшарттарына сәйкес келетін ұлттық жобалардың жаңартылған тізбесін айқындау жұмыстарын жүргізді. Бюджеттің мүмкіндіктері мен басымдықтарын ескере отырып, 3 ұлттық жоба қабылданды. Олар:  "Жайлы мектеп“, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту“,  "Қолжетімді интернет“. Аталған жобаларды іске асыруға түрлі көздерден 625,2 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 536,4 млрд теңге бөлінді», – деді ол.

Министр қалған 10 ұлттық жоба мен 2 мемлекеттік бағдарламаның күші жойылғанын еске салды. 

«Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы – мемлекеттік борыш мәселесі. Халықтың ерекше назарындағы бұл сұрақ, депутаттық корпус тарапынан жиі көтеріледі. Атап өткенімдей, бүгінде  барлық белгіленген борыштық ковенанттар сақталуда. Жүргізіліп отырған мемлекеттік борышты басқару саясаты белгіленген қаржылық шектеулер қатаң сақталып жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар біз қабылданған міндеттемелердің ашықтығы мен айқындығын арттыру бойынша Жоғары аудиторлық палата бастамаларын назарға аламыз», – деді Мәди Тәкиев.