23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай ерлігімен, батылдығымен көзге түскен жандардың еңбегін еске алып, алғысымызды білдірмек болдық.
Ерлігімен көзге түскендер
317
оқылды

Бүкіл елді өзіне сүйсінтіп, тәнті еткен полиция лейтенанты Алина Ғарифуллинаны білмейтін жан жоқ шығар. Әсіресе, Батыс Қазақстандағы су тасқыны кезінде мысықты құтқарып, иесімен табыстырған полицей қыздың оқиғасын бәрі біледі.  Тіпті, оның бұл суретін сол жердегі куәгерлердің бірі түсіріп алған. 

Олардың айтуынша, әріптестерімен су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан полиция лейтенанты Алина Гарифуллина бей-жай қалмай, эвакуацияланған тұрғындардың мысығын тауып әкелген. Әлгі мысық су басқан үйдің екінші қабатында қалып қойған екен.

Еліміз бойынша осынған ұқсас жағдайлар аз болмады. Сол кезде құтқарушылар тұрғындарды ғана емес, тірі жан ретінде малды да, ит-мысықты да құтқарып қалды.

Елдің назарына іліккен тағы бір жан – кинолог Қуаныш Байпақбай. Ол өзінің көмекшісі әрі сенімді досы Доди есімді итімен талай жарылыстың алдын алып, қаншама адамды аман алып қалған.

Қуаныштың айтуынша, ит Австриядан әкелінген. Олардың бірге жұмыс істеп жүргеніне 7 жыл болған. Ол тек иесінің нұсқауын ғана орындайды. Дегенмен Доди жарылғыш заттарды іздеуге әбден маманданған.