Желі қолданушылары бейтаныс бойжеткеннің кім екенін анықтады.
"Әкесі – неміс, анасы – қазақ": Димаш Құдайберген жүзік таққан бойжеткеннің кім екені белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден
31,944
оқылды

ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген жүзік сыйлаған бейтаныс ару желіні шулатты. Көп ұзамай бойжеткеннің кім екені белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Неке жүзігін ұстап, ақ көйлек киген қалыңдығын күтіп тұрған өнер иесінің жарнамаға түсіп жатқанын көруге болады. Алайда желі қолданушылары бейтаныс бойжеткеннің кім екенін анықтады. 

“Наталья Петри – Алматы қаласының өткен жылғы сұлулық байқауының жеңімпазы. Абай атындағы қазақ ҰПУ-да ғылыми физика мамандығы бойынша оқиды. Мектеп қабырғасынан бері физикамен қоса химия, математика пәндеріне аса қызығушылық танытқан Наталья Петри осы бағытта ұстаздық етуге бел буған. Сондай-ақ Наталья ұлттық бимен айналысады, қазақ мәдениетін жақсы көреді және қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның әкесі – неміс, анасы – қазақ. Оқумен қатар модель болып жұмыс істеуі бойжеткеннің Димашпен бірге жарнамаға түсуіне сеп болған. Жарнамалар Алматы және Астана қалаларындағы билбордтарда қойыла бастады”, – делінген ашық дереккөзде. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.