Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
Президент тергеу амалдарын жіті бақылап отыр
фото: qazaqstan.tv
590
оқылды

«Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның құқық қорғау орган­дары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын» делінген жазбада.