Астанада түрлі көлік иелерінің бейресми клубтары арасында мини-футболдан жарыс өтіп жатыр.
Автоәуесқойлар арасында мини-футбол турнирі басталды
975
оқылды

Бұқаралық негізде ұйымдастырылған жарысқа әуесқой спортшылар командалары қатысуда, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Jetour көліктері иелері мұрындық болыпты. Жарысты ұйымдастырушылардың бірі Араш Гасановтың айтуынша, мұндай жарысқа қатысуға елордадағы әуесқой автоклубтардың мүшелері бірден келіскен. Спортшылар арасында полиция, медицина, бизнес тәрізді түрлі сала мамандары, зейнеткерлер де, студенттер де бар.

"Автоәуесқойлар клубын құрған соң біз "неге спортты насихаттамасқа?",-деген ой келді. Өзге клубтар бұл бастамамызды қолдады. Жарысқа көлік өндіруші компаниялар мен ресми диллерлердің еш қатысы жоқ. Тек азаматтық бастама ғана. Турнир үш ай сайын өтіп тұрады. Клубтар шараны ұйымдастыруды эстафета ретінде қабылдайды. Меніңше мұндай шаралар бұқаралық спортты дамытуға азды-көпті үлес қосады деп ойлаймын",- дейді Араш Гасанов. 

Жарысқа Jetour, Skoda, Kia қатарлы көлік иелері құраған 10 команда қатысып жатыр.