16 жасында М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Қаракөз рөлін ойнап танымал болды.
Әнші Баян Сағымбаева өмірден өтті
Фото: Абай облысының Мәдениет басқармасы
4,535
оқылды

Қазақтың «Ақ Баяны» атанған әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Баян Сағымбаева өмірден өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Бұл туралы Абай облысының Мәдениет басқармасы хабарлады.

Баян Сағымбаева 1951 жылы 14 наурызда Абай ауданында туған.

16 жасында М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Қаракөз рөлін ойнап танымал болды. Бүкілодақтық байқауға қатысып, Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасында Қадишаның рөлін сомдады. «Қазақконцертте» еңбек етіп, қазақ өнерін шет мемлекеттерде паш етті.

Бүкілодақтық жастар сыйлығының иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы. Өмірінің соңына дейін Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясында қызмет етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.